AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Көрме / Ай сәулесі

Ай сәулесі

Көрме 16.02.2023, 05:40 8,725
Ай сәулесі
Фото: El.kz1

Алматыда испандық суретшінің «Ай сәулесі» атты айрықша көрмесі ашылды


Алматы төрінде испан суретшісі Хосе Мария Каноның «Ай сәулесі» (Moon shine) атты жеке көрмесі ашылды. Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде ашылған Каноның көрмесі Испания Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.


Сонымен қатар, әрі әнші, әрі суретші Хосе Мария Каноның бұл көрмесі Орта Азия елдерінде оның ішінде Қазақстанда тұңғыш рет көрермен назарына ұсынылып отыр. Ал суретші Испания, жалпы, Еуропа, Ресей, Қытай, Вьетнам мен Латын Америкасындағы елдерде өте танымал. Бұл жөнінде Испания Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Хорхе Урбиола Лопес де Монтенегро былай деді:




«Қазақстанда Хосе Мария Каноның сурет көрмесін ұйымдастыру идеясы былтыр осы Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейіне келгенімде туды. Дипломатия деген тек саясат қана емес, өнермен де байланысты деп ойлаймын. Сондықтан да қазақстандықтарды испан халқы өкілінің өнерімен таныстыруды дұрыс деп шештім».



1959 жылы Мадридте дүниеге келген болашақ суретші 10 жасынан бастап сәулет институтына түсуге дайындалу үшін, Рафаэль Идальго де Кавьедес академиясына, одан кейін «Artaquio» академиясына барады. Кано сәулет институтының бірінші курсында оқып жүріп энкаустика, яғни «өртеп салу өнерін» сондағы суретші профессордан үйренеді.


Бүгінгі көрмеге қойылған 19 картинаның барлығы - осы тәсілде дайындалған туындылар. Суретшінің палитрасына кіретін негізгі байланыстырушы компонент – балауыз. Мәрмәр немесе басқа тақтаға жағылған бояулар қайтадан ерітіліп, материалға «күйдірілген» балауыз бояуларымен кескіндеу әдісі ежелгі Мысырда белгілі болған.



Мысырлық қолөнершілердің балауызды қолдануы тәжірибелік ойлардан туындаған болуы мүмкін. Қабірлер мен мумияларды бояу үшін берік, уақыт бойынша өзгермейтін материалдар қажет болды. Балауыз, бояуға қосылған шайыр сияқты, осы мақсат үшін өте қолайлы болды. Жазбаша дереккөздер энкаустика техникасы туралы барлық құпияларды бермейтініне қарамастан, кейінгі ұрпақтардың оған деген қызығушылығы төмендемейді. Хосе Каноның энкаустикалық құпиясы бар сияқты, сондықтан ол балқытылған бояулармен тақталарға емес, кенепке жазады.



«Негізі бұл суретшінің шығармашылығы бес түрлі кезеңге бөлінеді. Әр кезеңде шамамен 20 жұмыстан болса, жалпы алғанда 100-ден астам жұмысы бар десек болады.  Каноның бір туындысының құны, егер мен қателеспесем, Хоспис аукционында 4000$ сатылған болатын» - дейді, Елші мырза.



2002 жылдан кәсіби түрде жұмыс істей бастаған Кано бұл көрмесіндегі туындыларында түнгі шырақтың жұмбақ жарығын бейнелеуге тырысқандай. Романтикалық-аңызға айналған Ай тақырыбы әрқашан Хосе Каноны қызықтырып келеді. Ол «Мекано» поп-тобында әнші болған кезінде өзінің ең танымал әні - «Ай баласы» балладасын түнгі жарыққа арнады. Кейінірек Кано Лондонда қойылған «Ай» операсын жазды, ол операның премьерасында Пласидо Доминго басты партияны шырқаған екен.


Айта кетейік, Каноның бұл көрмесі Алматыда 5 наурызға дейін болып, содан кейін Астана жұртшылығына таныстырылатын болады.



 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #айсәулесі #Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түйе үстінде 10 секундта 4 нысана: Алматы ипподромында әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 21:51

Наурыз жаңа форматта: мереке алғаш рет Алматы ипподромында өтті

Бүгін 20:02

Цифрлық Наурыз: Алматыда жасанды интеллект мерекелік бағдарламаға қалай енгізілді?

Бүгін 19:34

Ең үлкен шаңырақ: Алматыда Наурыз күндері әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 18:23

Алматы әкімі Наурыз мерекесі аясында ағаш егу жұмыстарына қатысты

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика