Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Адай жылқысы ұлттық брендке айнала ма?

Адай жылқысы ұлттық брендке айнала ма?

Мәдениет 24.12.2023, 09:10 1,554
Адай жылқысы ұлттық брендке айнала ма?
Сурет: интернеттен

Президенттің тапсырмасын орындау үшін мемлекеттік комиссия құрылып, зерттеу жұмыстары жүріп жатыр.


Ғалымдар мен ат спорты федерациясының өкілдері Маңғыстау облысының ауылдарын аралап, жылқы туралы мәлімет жинап жүр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Адай жылқысы қазақ бағзыдан салт мінетін жылқы тұқымы. Төзімділігі туралы түрлі аңыз-әңгіме көп. Арнайы құрылған мемлекеттік комиссия мүшелері облыстың барлық ауданын аралап, тың деректер жинады. Әрі жылқының генетикалық құрылымын ғылыми сынақтан өткізді.



"Адай жылқысы, қазақы жылқы тұқымдары, мұның бәрі халық селекциясымен шығарылған. Бұл жерде нақты мына кісі жасады деп айта алмаймыз. Ең алдымен, бұл халық селекциялық жаңа тұқым болып шығады. Ал кейін заңға қарай қалған авторларды қосуға болады", - дейді комиссия мүшесі Сейілхан Рахманов.



Адай жылқыларына асыл тұқымды мал мәртебесін беру үшін аймақта бірнеше шара ұйымдастырылды. Нәтижесі жоқ емес. Бұл туралы мамандар облыс әкімімен кездесуде айтты. Енді арнайы акт жасалады. Артынша патент алу үшін құжат ауыл шаруашылығы және әділет министрлігіне жіберіледі.



"Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына келгенде тапсырма берген болатын. Үлкен жұмыс атқарылды. Ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың атқарған, ешкімнен құн сұрамай, ешкімге бәлденбей, аянбай, күндеп, сағаттап, айлап, жылдап атқарған істерінің нәтижесі міне қазір ресми талаптарға рең алып келе жатыр. Сол енді реттелуі керек", - дейді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Адай #жылқы #Бренд #президент #тапсырма #зерттеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда студент жастарға арналған «Jas Gala» қалалық фестивалі

Бүгін 18:15

"Отаға қатысуды таңдадым". Жетінші рет әке атанған Төреғали Төреәлі қызына қандай есім бергенін айтты

Бүгін 17:54

Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды

Бүгін 17:20

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Бүгін 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика