Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Әбу-Насыр әл-Фарабидің қолжазбасы Түркиядан табылд...

Әбу-Насыр әл-Фарабидің қолжазбасы Түркиядан табылды

Мәдениет 10.11.2023, 03:55 1,352
Әбу-Насыр әл-Фарабидің қолжазбасы Түркиядан табылды
Сурет: ашық дерекөз

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары Түркиядан табылған ұлы ойшыл, ғұлама, ғалым Әбу Насыр әл-Фараби қолжазбасының көшірмесін жарыққа шығарды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.


Қолжазба араб тілінде жазылған. XIII ғасырда жазылған бұл туынды күні бүгінге дейін толық зерттелмеген.


«Әл-Фарабидің «Музыка саласына кіріспе» деп аталатын еңбегі хижра бойынша 655 жылы 12 джамали аувал, григориан күнтізбесі бойынша 1257 жылдың 3 маусымы, дүйсенбіге сәйкес келеді. Қолжазба 243 беттен тұрады. Қолжазба түпнұсқамен салыстырыла отырып көшірілді. Еңбекте музыкалық ғылымның сұрақтары терең зерттелген, музыкалық композиция техникасы, шығыс және ортаазиялық аспаптар егжей-тегжейлі сипатталған. Көшірме үш апта көлемінде басып шығарылды»,-дейді реставратор маман Жансерік Бейсенқұлов.


«Музыка саласына кіріспе» қолжазбасы үш бөлімнен тұрады.Еңбекте музыкалық өнердің принциптері, негізгі терминдер және музыка пәні қамтылған. Мамандардың айтуынша, кітапта музыкалық аспаптар мен әр түрлі әуендердің шығармаларына, категориясына және басқа да аспектілеріне кеңінен тоқталған.


Ғұлама ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбегі Түркияға жасалған сапарда Сүлеймания кітапханасынан табылды. Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары 2022 жылы 9 елге 11 ғылыми-іздестіру іссапарын жасады.


«Архив-2025» жобасы аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі бірқатар жобаларды жүзеге асырды. Отандық және шетелдік архивтер мен музейлерден кітапханалар мен ғылыми орталықтардан Қазақстан тарихы бойынша құжаттар мен материалдарды іздеу-анықтау, көшірмесін алу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары ұйымдастырылып, оларды ғылыми айналымға енгізу жоспарланған.


"ҚР Ұлттық архиві мен Орталық мемлекеттік архиві, Орталық мемлекеттік кино және фотоқұжаттар мен дыбыстық жазбалар архиві, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы Германия, Ресей, Түркия, Венгрия, Татарстан, Қырғызстан, Чехия, Франция, Иран Ислам Республикасы және Египет сынды тағы да басқа елдерге барып, тарихи құжаттар көшірмесін елге жеткізді. Қазіргі уақытта тарихымыздың ақтаңдақ беттерін түгендеп, тың деректермен толықтыру мақсатында елге әкелінген қолжазбалар мен архивтік құжаттар мамандардың қатысуымен зерттелуде",-деді Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Қуат Бораш.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қолжазба #тарих #мұра
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Шахислам Лайсханов: Ғылым мен бейбітшілік – қоғамның басты құндылығы

Бүгін 21:25

«Бірлігіміз – ең үлкен күшіміз»: Нияз Құрманғазы жастарға үндеу жасады

Бүгін 21:17

Құсайынов Бейбіт Болатұлы: «15 наурыз – азаматтық жауапкершілік күні»

Бүгін 21:11

Байсерік Бахтияр Ерғалиұлы: «Референдум – әр азаматтың өз таңдауын білдіретін күн»

Бүгін 21:01

ӘСКЕРИ ПСИХОЛОГТЫҢ МИССИЯСЫ

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі