AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Абай университетінде халықаралық құқықтық диалог ө...

Абай университетінде халықаралық құқықтық диалог өтті

Барлығы 10.09.2025, 18:02 590 dulatbekova
Абай университетінде халықаралық құқықтық диалог өтті
Сурет: «Abai university» баспасөз қызметі

Қазақстанда жұмыс сапарымен жүрген Еуропа Кеңесі Венециялық комиссиясының төрайымы Клэр Бази-Малори ханым 10 қыркүйекте Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде болып, «Құқықтық диалог» халықаралық іс-шарасына қатысты.

Мәртебелі мейман алқалы отырыста әлемдік деңгейдегі адам құқығына байланысты пікірілерін ортаға салып, құқықтық мемлекет құрудағы Қазақстан бастамаларына жоғары баға берді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Рогов «Құқықтық диалогтың» модераторы ретінде басқосуды Клэр Бази-Малориге «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерейтойлық медалін тапсырудан бастап, құрметті қонаққа деген еліміздің ыстық ықыласын жеткізді. Ал салтанатты жиынды құттықтау сөзімен ашқан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы-Ректор Болат Тілеп мұндай диалогтың Қазақстан үшін аса маңызды екеніне тоқталып, адам құқықтары жөніндегі іс-шараға сәттілік тіледі.

Халықаралық шараны ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Сорбонна-Қазақстан институты және Лотарингия университетінің филиалы мен Францияның Қазақстандағы Елшілігі ұйымдастырды. Диалог жұмысына ҚР Конституциялық Соты, Жоғарғы Соты, Бас прокуратурасы, Әділет министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Парламенттің заңнама және құқықтық реформа комитеттері, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, ҚР СІМ Алматыдағы өкілдігі, сондай-ақ БҰҰ өкілдері, Францияның жетекші заңгерлері және еліміздің ғылыми қауымдастығы қатысты.

ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев «Zoom» платформасы арқылы сөз сөйлеп, Қазақстанның құқықтық жүйесін дамытудағы халықаралық ынтымақтастықтың рөліне тоқталса, Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге, Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институтының директоры, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Айнұр Сәбитова баяндама жасады.

Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Еуропа Кеңесінің Венециялық комиссиясының төрайымы Клэр Бази-Малори өз баяндамасында конституциялық бақылаудың заманауи тәжірибесін талдап, адам құқықтарын қорғаудағы халықаралық стандарттардың маңызына ерекше тоқталды. Оның айтуынша, Қазақстан Конституциясының 30 жылдығы тек ел үшін ғана емес, бүкіл аймақ үшін демократиялық құндылықтар мен құқықтық мемлекет қағидаттарын жаңаша түсінуге мүмкіндік беретін маңызды белес.

Елші Сильван Гиоге Қазақстан мен Франция арасындағы білім, мәдениет және құқық саласындағы ынтымақтастықты жоғары бағалап, мұндай халықаралық құқықтық диалогтың заң үстемдігін нығайтып қана қоймай, жастарға әлемдік тәжірибеден үйренуге жол ашатынын және екі елдің заң саласындағы серіктестігін одан әрі тереңдетуге ықпал ететінін атап өтті.

Жиын соңында университет студенттері халықаралық сарапшыларға көкейде жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Осылайша, халықаралық «Құқықтық диалог» алаңы Қазақстандағы құқықтық мәдениетті нығайтып, заңнамалық құндылықтарды ілгерілетуге бағытталған маңызды бастама ретінде өз маңызын айқындады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Абай университеті #құқықтық диалог
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда кене шаққандар тіркеле бастады

Бүгін 14:50

Алматы бессайысшыларының жеңісі: 13 медаль және Азия чемпионатында Қазақстан бірінші орында

Бүгін 14:46

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиум өтіп жатыр

Бүгін 14:43

Оқушыларға «Заң мен Тәртіп» қағидаты түсіндірілді

Бүгін 14:39

Алматы Сеул метросындағы Eastar Jet жарнамалық науқанында таныстырылды

Бүгін 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);