Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Абай университеті мен Әлеуметтік инклюзивті бағдар...

Абай университеті мен Әлеуметтік инклюзивті бағдарламалар орталығы тьюторларды даярлау мәселесін талқылады

Білім және ғылым 04.03.2022, 05:55 2,510
Абай университеті мен Әлеуметтік инклюзивті бағдарламалар орталығы тьюторларды даярлау мәселесін талқылады

Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Біләлов «Әлеуметтік инклюзивті бағдарламалар орталығы» қоғамдық қорының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Кездесу барысында инклюзивті білім беру кадрларын, педагог-ассистент ретінде тьюторларды даярлаудағы ынтымақтастық мәселелері, белгілі бір білім беру бағдарламалары бойынша мамандануға мүмкіндік беретін қосымша курстар өткізу, тьюторларды кәсіби қайта даярлау бағдарламасын іске асыру және олардың жұмысын әдістемелік сүйемелдеу мәселелері талқыланды.


Дархан Біләлов Абай университетінің Алматы қаласы мен еліміздің білім саласының нақты мәселелерін шешуге бағытталған белсенді университет ретіндегі міндеттеріне тоқталып, мектептермен тығыз жұмыс жасау, қазіргі таңда сұранысқа ие кадрларды қайта даярлау, сондай-ақ жұмыс берушілермен және «Өрлеу» орталығымен өзара байланыс орнату, студенттердің практикасын өткізу мәселелерін атап өтті. Ректор сондай-ақ білім алуға тең құқықты және оның мүмкіндігі шектеулі балалар үшін қолжетімділігін, оларды оқытудың қолайлы бағытын таңдауды қамтамасыз ететін инклюзивті білім беруді дамыту үшін ынтымақтастыққа дайын екендігін мәлімдеді. Психологиялық тестілеу құралдарын қолдану қажеттігі де айтылды. 


«Өкінішке орай, Қазақстанда тьюторлардың көмегіне мұқтаж балалар саны артып келеді. Біз бұған дайын болуымыз керек. Әрбір бала физикалық, интеллектуалдық, әлеуметтік, эмоционалдық, тілдік және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, білім алып, біздің қамқорлығымызды алуы керек», - деп есептейді еліміздің жетекші педагогикалық университетінің басшысы.


«Әлеуметтік инклюзивті бағдарламалар орталығы» қоғамдық қорының президенті Салтанат Мурзалинова-Яковлева орталықтың қызметі мен педагог-тьюторларды қайта даярлау қажеттілігіне тоқталып, білікті кадрлар тапшылығын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстанда мұндай мамандарға деген қажеттілік жыл сайын артып келеді.


Кездесу екі тарап үшін де нәтижелі өтті. Кездесуге қатысушылар осы маңызды саладағы ынтымақтастықты нығайту жөнінде пікір алмасты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Абай #университет #біләлов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

12 жасқа дейінгі балаларға паспорт 5 жылға беріледі

Бүгін 16:09

Доллар арзандап кетті

Бүгін 16:03

Қазына іздеген қазақтар

Бүгін 15:50

Тоқаев Саясат Нұрбекті қабылдады

Бүгін 15:17

Алматыда ЮНИСЕФ-тің патронаждық қызметті дамыту жөніндегі кеңесі өтіп жатыр

Бүгін 14:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика