AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Абай облысында күн және жел энергетикасын дамыту м...

Абай облысында күн және жел энергетикасын дамыту мәселесі талқыланды

Экономика 02.09.2026, 10:29 194
Абай облысында күн және жел энергетикасын дамыту мәселесі талқыланды
Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қытайлық компания өңірде екі инвестициялық жобаны жүзеге асыруды ұсынды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Абай облысының әкімі Берік Уәли «China Energy Engineering Group Xinjiang Electric Power Design Institute Co., Ltd.» компаниясының бас директоры Ма Юн бастаған қытайлық инвесторлармен кездесті.

Кездесуде Абай облысында жаңартылатын энергия көздерін дамыту, электр энергиясы тапшылығын азайту және энергетикалық инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері талқыланды.

Қытайлық компания өңірде екі инвестициялық жобаны жүзеге асыруды ұсынды. Бірінші жоба Жарма ауданындағы Жаңғызтөбе кенті маңында қуаты 100–200 МВт жел электр станциясын, екінші жоба Аягөз ауданының Ақтоғай ауылы аумағында күн электр станциясын салуды көздейді.

«China Energy Engineering Group Xinjiang Electric Power Design Institute Co., Ltd» компаниясы электр энергетикалық жүйелерді жоспарлау, инженерлік консалтинг, жобалау, EPC моделі бойынша жобаларды іске асыру, сондай-ақ, жел және күн энергетикасы, энергия жинақтау жүйелері, электр желілері мен қосалқы станциялар саласындағы жобаларға маманданған.

Аймақ басшысы шет елдік инвесторлардың өңірге қызығушылық танытқаны үшін алғысын білдіріп, кездесуде айтылған ұсыныстардың назарға алынатынын, әкімдік тарапынан заң аясында тиісті көмек көрсетілетін жеткізді. Ұсынылған жобалар іске асқан жағдайда өңірді тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етуге, жаңартылатын энергия көздерін дамытуға, энергетикалық жүйенің тұрақтылығын арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы түнгі уақытта шектеледі

Кеше 19:33

«Кітап оқитын ұлт» марафонына 100 мыңнан астам қатысушы тіркелді

Кеше 18:21

Қазақстанда 2026 жылғы қаңтар-маусым айларында ЖІӨ 4,1%-ға өсті

Кеше 17:46

Алматыда қалдықты қайта өңдеу, викторина және шығармашылық белсенділіктерге арналған экоуикенд өтті

Кеше 17:31

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Кеше 16:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);