конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Абай кітапханасының жобасы АҚШ бағдарламасының жең...

Абай кітапханасының жобасы АҚШ бағдарламасының жеңімпазы атанды

Мәдениет Бүгін 11:07 35
Абай кітапханасының жобасы АҚШ бағдарламасының жеңімпазы атанды
Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Америкалық зерттеуші, жазушы және журналист Джордж Кеннан қазақтың ұлы ойшылының есімін ағылшынтілді оқырманға таныстырған, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Абай күні қарсаңында облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының сирек қорын сақтау, қалпына келтіру және цифрландыруға бағытталған жоба Мәдени мұраны сақтауға арналған АҚШ Елшілері қоры (Ambassadors Fund for Cultural Preservation – AFCP) бағдарламасының жеңімпазы атанды. Бұл – Абай мұрасын сақтау, зерттеу және халықаралық ғылыми-мәдени кеңістікте кеңінен таныту бағытындағы маңызды халықаралық бастама.

Жобаның тарихи негізі америкалық зерттеуші, жазушы және журналист Джордж Кеннанның Семейге сапарымен байланысты. Ол 1885 жылы Семей қаласына келіп, Абай пайдаланған кітапханаға арнайы барып, кітап қорымен танысқан. Кейін өз еңбектерінде Абай Құнанбайұлы туралы жазып, қазақтың ұлы ойшылының есімін ағылшынтілді оқырманға таныстырған алғашқы шетелдік зерттеушілердің бірі болды.

Жоба аясында кітапхананың сирек қорындағы қолжазбалар мен көне басылымдарды сақтау, консервациялау, реставрациялау және цифрландыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізіледі. Оның ішінде Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды мұралар, сондай-ақ, ақын оқыған басылымдар да қамтылады.

Жобаның жүзеге асырылуы сирек қордың ұзақ мерзімді сақталуына, ғылыми айналымға енгізілуіне және құнды рухани мұраға халықаралық деңгейде қолжетімділіктің кеңеюіне мүмкіндік береді.

Абай күні қарсаңындағы бұл жетістік – өңірдің тарихи-мәдени мұрасын сақтау мен оны заманауи технологиялар арқылы келер ұрпаққа жеткізу жолындағы маңызды қадам.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Абай күні #семей #Цифрлы кітапхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Абайдың туғанына – 181 жыл: Алматы кітапханаларында ұлы ақынның мұрасына арналған мәдени іс-шаралар өтті

Бүгін 11:50

«Абай күні» – ұлттық рухани күнтізбенің жаңа парағы

Бүгін 11:30

Алматыда Жандосов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 10:59

АЭС және радиациялық қауіпсіздік: Қазақстан мамандарды қалай даярлап жатыр?

Бүгін 10:51

Freedom Holding Corp. 2027 фискалдық жылының І тоқсанындағы қаржылық нәтижелерін жариялады

Бүгін 10:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);