конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Абай даңғылын ҮАААЖ дейін ұзарту арқылы биыл көлік...

Абай даңғылын ҮАААЖ дейін ұзарту арқылы биыл көлік қозғалысын ашу жоспарланып отыр

Алматы Бүгін 15:06 48 Сұлу
Абай даңғылын ҮАААЖ дейін ұзарту арқылы биыл көлік қозғалысын ашу жоспарланып отыр
Алматы әкімдігі

Абай даңғылын Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына дейін ұзарту арқылы биыл көлік қозғалысын ашу жоспарланып отыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында Абай және Рысқұлов даңғылдарын, сондай-ақ Саин көшесін Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына (ҮАААЖ) дейін ұзарту жобаларын жүзеге асыру барысымен танысты.

Бүгінде нысандардың құрылыс дайындығы шамамен 50%. Жоба аясында Ақсай өзеніндегі көпірлерді, ҮАААЖ мен теміржол желілері үстіндегі өткелдер секілді жасанды инженерлік құрылыстар салынып жатыр.

Сонымен қатар жер телімдерін сатып алу жұмыстары жалғасып келеді. Абай даңғылы бойынша 82 жер учаскесінің 71-і, Рысқұлов даңғылы бойынша 190 жер учаскесінің 172-сі сатып алынған. Ал Саин көшесі бойындағы жер телімдерін сатып алу рәсімі толық аяқталды.

Дархан Сатыбалды аталған жобалардың жүзеге асырылуы Алматы агломерасындағы көлік қатынасын едәуір жақсартып, қалаға кіреберістегі негізгі магистральдарға түсетін жүктемені азайтатынын айтты.

«Былтыр қала бюджеті есебінен облыс аумағындағы жер учаскелерін сатып алу жұмыстарын аяқтап, Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына дейінгі жолды өз күшімізбен аяқтау туралы шешім қабылдадық. Барлық жоба біздің қарамағымызға берілді. Қазір оларға түзетулер енгізіліп жатқанымен, құрылыс жұмыстары тоқтаған жоқ. Қажетті қаржы толық қарастырылған, мердігер ұйым анықталған. Сондықтан биылдың өзінде Абай даңғылы мен Саин көшесін Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына дейін ұзарту арқылы көлік қозғалысын қамтамасыз етуді тапсырамын», – деді Дархан Сатыбалды.

Айта кету керек, алдағы уақытта Алматыны Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен алты радиалды магистраль арқылы байланыстыру жоспарланып отыр. Абай және Рысқұлов даңғылдары мен Саин көшесінен бөлек, Тілендиев, Ақын Сара көшелері мен Солтүстік айналма көшесін ұзарту жұмыстары да жалғасып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Үлкен Алматы айналма тас жолы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бишімбаевтың ісіне қатысы бар Байжанов бостандыққа шығады

Бүгін 15:33

Алматылық дәрігерлер биіктен құлаған төрт жастағы баланы аман алып қалды

Бүгін 15:29

Қазақстандық жүзгіштер Азия чемпионатында 16 медаль жеңіп алды

Бүгін 14:12

Алматының Әуезов ауданында заңсыз сауданың орындары жойылды

Бүгін 12:24

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери институт 2026 жылға оқуға қабылдап жатыр

Бүгін 12:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);