AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / 584 педагог пен 3676 оқушы: Алматыдағы пилоттық жо...

584 педагог пен 3676 оқушы: Алматыдағы пилоттық жоба алғашқы нәтижесін көрсетті

Алматы Бүгін 13:36 50 Сұлу
584 педагог пен 3676 оқушы: Алматыдағы пилоттық жоба алғашқы нәтижесін көрсетті
Ұйымдастырушылар ұсынған сурет

2026 жылғы 5 маусымда Алматы қаласында «XXI ғасырдағы білім сапасы: заманауи педагогикалық тәжірибе және инновациялар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Білім беру саласының жетекші ғалымдарын, мемлекеттік органдар өкілдерін және сарапшыларды біріктірген бұл маңызды жиында қалалық Білім басқармасы мегаполис мектептерінде жүзеге асырып жатқан пилоттық жоба таныстырылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Конференция қатысушылары педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының президенті Асқарбек Қабыкенұлы Құсайыновты 75 жас мерейтойымен шын жүректен құттықтады. Ол өткен ғасырдың 90-жылдарында-ақ оқулықтану ғылымын дербес ғылыми бағыт ретінде қарастыру қажеттігін көтерген көрнекті ғалым. Бүгінде оның ғылыми тұжырымдамаларына негізделген «Құсайынов формуласы» көршілес Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей ғалымдарының қызығушылығын тудырып отыр.

Асқарбек Құсайынов «Орта білім беру сапасын ғылыми-практикалық негізде арттыру» пилоттық жобасын жүзеге асыруға тікелей атсалысуда. Бір жылдан бері Алматы қаласының 20 жалпы білім беретін мектебінде іске асырылып келе жатқан бұл жобаға Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Сәкен Аралбаев жетекшілік етеді.

Конференцияға қатысушылар жобаның мазмұнымен №26 жалпы білім беретін мектеп ұйымдастырған инновациялық оқыту әдістеріне арналған көрмеде жан-жақты танысты. Көрмеде оқу үдерісінің тиімділігін арттыруға және жобаны командалық негізде іске асыруға бағытталған түрлі дидактикалық материалдар мен заманауи педагогикалық тәсілдер ұсынылды.

Қазіргі таңда жобаға 584 педагог пен 3676 оқушы қатысуда. Қалалық Білім басқармасы жоба қатысушыларының жұмысын тек бақылап қана қоймай, оларға жүйелі әдістемелік қолдау көрсетуде. Атап айтқанда, семинарлар, шеберлік сабақтары өткізіліп, мұғалімдердің кәсіби тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін «ақылдасу сабақтары» ұйымдастырылуда.

Бұл «ақылдасу сабақтары» әріптестердің өз тәжірибесіндегі қиындықтар мен жетістіктерді ашық талқылауына негізделген бірегей алаңға айналды. Қазақстандық мектеп тәжірибесінде мұндай кәсіби рефлексия форматы бұрын сирек кездесетін.

Жобаның нақты нәтижелері де көңіл қуантады. Бір оқу жылы ішінде пилоттық мектептердің 2-сыныптарындағы білім сапасының көрсеткіші 52 пайыздан 62 пайызға дейін артса, 5-сыныптарда бұл көрсеткіш 52 пайыздан 58 пайызға дейін өсті. Мұндай оң өзгерістер білім алудағы олқылықтарды ерте анықтау, функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған жұмыстар және педагогтерге тұрақты әдістемелік қолдау көрсету арқылы жүзеге асуда.

Мониторинг нәтижелері жүйелі диагностика, дер кезінде жүргізілген түзету жұмыстары және функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмалардың оң әсер беретінін көрсетті. Академик Асқарбек Қабыкенұлы Құсайынов барлық пилоттық мектептерді жеке аралап, педагогикалық ұжымдармен кездесулер өткізді. Ол білім сапасын арттырудың ғылыми негіздерін түсіндіріп, мұғалімдерге кәсіби бағдар беріп, олардың сұрақтарына жауап берді.

Шын мәнінде, статистикалық көрсеткіштердің астарында бүгінгі мектеп үшін аса маңызды құндылықтар жатыр. Олар – нақты іс-қимыл алгоритмінің болуы, артық бюрократиялық кедергілердің азаюы және ғылыми еңбектермен ғана шектелмей, ғалымның мектептерге барып, педагогтермен тікелей жұмыс істеуі.

Қазіргі уақытта Алматы қаласы Білім басқармасының алдында пилоттық мектептердің тәжірибесін жинақтап, оны әдістемелік ұсынымдарға айналдыру міндеті тұр. Сонымен қатар, мұғалімдердің қағазбастылық жүктемесін азайту мақсатында мониторинг жүйесін цифрландыру жұмыстары қолға алынуда.

Өйткені педагогтің басты миссиясы – әрбір оқушының әлеуетін ашуға жағдай жасау, олардың білімді меңгеріп қана қоймай, сыни ойлауға, саналы шешім қабылдауға және өз таңдауы үшін жауапкершілік алуға үйрету.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #педагог #жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жаңа музыкалық толқындағы бес жыл: Алматыда мерейтойлық BEU Fest фестивалі дүркіреп өтті

Бүгін 13:39

Алматыда жазғы маусым ашық аспан астындағы үлкен концертпен ашылды

Бүгін 11:48

Қазгидромет тоғыз қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Бүгін 10:09

Жел, жаңбыр, аптап: Бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін 09:45

Алматыдағы жалпықалалық сенбілікке 7 мыңнан астам адам қатысты

Кеше 17:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);