AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / «4 қылмыстық топ жойылды»: министр 13 шетелдіктің...

«4 қылмыстық топ жойылды»: министр 13 шетелдіктің жауапқа тартылғанын айтты

Заң мен тəртіп 11.12.2023, 06:05 1,000
«4 қылмыстық топ жойылды»: министр 13 шетелдіктің жауапқа тартылғанын айтты
Сурет: ашық дереккөз

Олардан 100 келі синтетика шыққан


Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Мәжілісте өткен Үкімет сағатында есірткімен күрес жайлы айтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz  Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 



«Дүниежүзінде мыңнан астам есірткі түрі бар. Қазақстанда 700-ге жуық есірткі аналогы бар. Елдегі есірткі ахуалына үш негізгі фактор әсер етеді. Олар: каннабис шикізаты, солтүстік бағыт арқылы өтетін ауған героині және синтетикалық есірткінің таралуы. 2019 жылға дейін есірткінің тізімі тек заң деңгейінде реттелетін. Тиісті нормаларға өзгеріс енгізу бір жылға жуық уақыт алатын. Бұл есірткі таратушыларға қолданыстағы заңнаманы айналып өтуге мүміндік беретін», - деді ол.



Министр атағандай, қазіргі таңда елдегі барлық есірткінің түрі бақылауға алынды.



«Оларды тізімге қосу процедуралары бір ай ішінде жүзеге асырылады. Елімізде есірткінің жаңа түрі пайда болмай тұрып бақылауға алынады. Соңғы 5 жылда синтетикалық есірткіні тәркілеу 10 келіден 1 тоннаға дейін күрт өсті. Қазір есірткі қылмыстары толығымен киберкеңістікке қарай өтті. Киберқадағалау жүйесі арқылы анықталған есірткі сайттары бұғатталады», - деді Сәденов.



Министр есірткіні жарнамалап, насихаттағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілгенін айтты.



«Биыл 4 трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды. 14 топ қатысушысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың 13-і - шетелдік азаматтар. Олардан 100 келі синтетика, 85 тоннадан астам прекурсор және мыңнан астам зертханалық құрал тәркіленді. Құқық қорғау органдары 75 есірткі зертханасын жойды», - деді Ержан Сәденов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#қылмыс #есірткі #заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Наурыз: мерекелік іс-шаралар төртінші күн қатарынан жалғасуда

Бүгін 21:42

Наурыз мерекесі аясында Алматыда жас таланттар өнер көрсетті

Бүгін 21:35

Тоқаев альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

Бүгін 16:18

Оқушылар сарайының Наурыз керуені алматылықтардың жүрегін баурады

Бүгін 14:57

Қазақстандық блогерге мемлекетаралық іздеу жарияланды

Бүгін 14:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика