Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / 4-орын: IX қысқы Азия ойындарында Қазақстан 20 мед...

4-орын: IX қысқы Азия ойындарында Қазақстан 20 медаль жеңіп алды

Спорт 15.02.2025, 07:17 862
4-орын: IX қысқы Азия ойындарында Қазақстан 20 медаль жеңіп алды
Cурет: Сали Сабиров, Нұрғали Жұмағазы, Тұрар Қазанғапов. Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
IX қысқы Азия ойындары Қытайдың Харбин қаласында аяқталып, жабылу рәсімі Harbin International Convention and Exhibition Centre Stadium стадионында өтті.
 
Қазақстан құрамасы жалпы медальдық есепте төртінші орынға ие болды, барлығы 20 медаль жеңіп алды: төрт алтын, тоғыз күміс және жеті қола, деп хабарлайды aqshamnews.kz.
 
Медальдар саны бойынша үздік үштік:
1. Қытай — 85 медаль (32 алтын, 27 күміс, 26 қола)
2. Оңтүстік Корея — 45 медаль (16 алтын, 15 күміс, 14 қола)
3. Жапония — 37 медаль (10 алтын, 12 күміс, 15 қола)
 
Қазақстан құрамасы 137 спортшыдан құралды, олар 11 спорт түрі бойынша 34 елден келген 1200-ден астам спортшымен жарысты.

Чемпион атанғандардың қатарында биатлоншы Владислав Киреев, сондай-ақ ерлер арасындағы хоккей, шорт-трек және фристайл-акробатика командалары бар.

Айта кетейік, фристайлшылар Азия ойындарының тарихында тұңғыш рет жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Алтын жүлде үшін тартыста олар Қытайдың әлемдік деңгейдегі спортшыларын басып озды.

Шорт-трекшілер де тарихи жетістікке қол жеткізді. Бұған дейін Қазақстан бұл спорт түрінен ешқашан Азия ойындарының алтынын алмаған. Ал ерлер хоккей құрамасы бұл жарыста бесінші рет чемпион атанып отыр.

Харбинде күміс жүлдені Евгений Кошкин (конькимен жүгіру спорты), шорт-тректен әйелдер және аралас командалар, хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы, шаңғышы Константин Борцов, шаңғы жарысынан әйелдер құрамасы, биатлоншы Вадим Куралес, биатлоннан ерлер құрамасы және аралас командалар арасындағы фристайлшылар иеленді.

Қазақстан құрамасы Азия ойындарын жеті қола жүлдемен аяқтады. Олардың иегерлері: шаңғышы Олжас Климин, конькимен жүгіру спортынан командалық спринтте, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров, шаңғы жарысы бойынша ерлер құрамасы, фристайл-акробатикадан Аяна Жолдас, синхронды секіруден әйелдер командасы және биатлон эстафетасындағы әйелдер құрамасы.

Қазақстан құрамасының спортшылары тарихи жетістіктерге қол жеткізіп, ел намысын абыроймен қорғады.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Азия ойындары #қысқы #қорытынды #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

СІМ орынбасары Түркі мәдениеті және мұрасы қорына сапармен келді

Бүгін 12:40

Алматыда Журналистер аллеясы пайда болды

Бүгін 11:13

Алматыда былтыр із-түзсіз жоғалған ер адам өлі табылды

Бүгін 10:38

Алматыдан 853 шақырым жерде жер сілкінді

Бүгін 09:12

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика