AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / 375 млрд теңгеден асатын актив мемлекетке қайтарыл...

375 млрд теңгеден асатын актив мемлекетке қайтарылды

Экономика 05.06.2024, 10:08 825 yakiya
375 млрд теңгеден асатын актив мемлекетке қайтарылды
Сурет: Almaty.tv

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы мәлімдеді.

Бас прокуратура елдегі 1 мыңнан астам және шетелдегі 150-ден астам мүлік объектілері туралы мәліметтерді талдауда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Талдаумен тағы 600 млрд теңгенің бағалы қағаздары қамтылған. Елімізде 200-ден астам және шетелде 140 банк шоттары анықталды. 2 трлн теңгеге жуық күдікті транзакциялар тексерілуде.

Осы жұмыстың нәтижесінде Премьер-Министрдің басшылығымен Комиссия 325 млрд теңгеден астам сомаға активтерді мемлекетке қайтару туралы келісімдер мен талап қоюларды мақұлдады, оның ішінде 272 млрд теңге теңгеріміндегі ақшалай қаражат. Олар маңызды әлеуметтік және экономикалық жобаларды жүзеге асыруға бағытталатын болады.

Сондай-ақ еліміздегі және шетелдегі құны 50 млрд теңгеден асатын активтер мемлекетке берілді. Олардың ішінде бірқатар стратегиялық кен орындары, монополистік компаниялар, ондаған мың гектар жер, сондай-ақ өндіріс объектілері, қонақ үйлер, бизнес орталықтары, виллалар, пәтерлер, сәнді көліктер, зергерлік бұйымдар және тағы басқалар.

Бұдан басқа, Тізілімнің кейбір субъектілері өз еркімен жалпы құны 30 млрд теңгені құрайтын жоғары технологиялық инвестжобаларды жүзеге асыруға міндеттеме алды. Олардың ішінде құбырлар, қаптамалар, химиялық, азық-түлік және т.б. өнімдерді шығаратын өндіріс объектілері. Осылайша, кемінде 300 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда, жылдық салық төлемдері 1 млрд теңгеден астам болуы тиіс.

"Активтерді қайтару процесінің тағы бір маңызды бөлігі - әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру. Мәселен, Тізілімдегі тұлғалар өз еркімен қызметтерін ерекше қажеттіліктері бар адамдар және басқа да әлеуметтік осал топтар тегін пайдалана алатын, құны 5 млрд теңгеден асатын заманауи мәдени-ағарту орталығын салынуға міндеттеме алды.", деді Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің мәжбүрлеп қайтару тетіктерін іске асыру шеңберінде көптеген, оның ішінде пайда болуы түсініксіз активтерге қатысты талап қойылды.

Олардың бірі бойынша 11 млн АҚШ долларынан астам қаржыны, сондай-ақ 400 млн теңге сомасына зергерлік бұйымдар мен мәдени құндылықтарды мәжбүрлеп қайтару туралы сот шешімі қабылданып, күшіне енді.

Жалпы, 2022 жылдан бастап экономиканы демонополизациялау шараларын қоса алғанда жалпы сомасы шамамен 1,7 трлн теңгенің активтері, оның ішінде шетелден 750 млн АҚШ доллары мемлекетке қайтарылды.

Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#актив #мемлекет #прокуратура
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);