Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / 3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онл...

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Заң мен тəртіп 18.02.2026, 12:36 236
3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды
фото: видео скрині

Маңғыстау облысы бойынша ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті онлайн-казино арқылы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікпен Рантик Бахтияр Оглыға қатысты тергеу жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, платформаның жұмысы үшін bingo37.pro сервисі пайдаланылған. Онда мыңнан астам құмар ойын түрі, соның ішінде Crazy Monkey, Keno, Euro Game және басқа да ойындар ұсынылған.

Ойыншылар қалай тартылған?

Қатысушыларды тарту Telegram және WhatsApp мессенджерлері арқылы жүзеге асқан. Қолданушыларға жарнамалық хабарламалар, фото және бейнематериалдар, акциялар мен бонус бағдарламалары туралы ұсыныстар жіберіліп, «жеңіл әрі тез ұтыс» туралы жалған әсер қалыптастырылған. Ақша аударғаннан кейін ойыншыларға платформаға кіруге арналған логин мен құпиясөз берілген.

Түскен қаражатты қабылдау және қаржы ағындарын жасыру үшін күдікті Грузия мен Тәжікстан азаматтарын тартқан. Олар Қазақстан аумағында банк шоттары мен абоненттік нөмірлерді рәсімдеп, оларды іс жүзінде пайдаланбай, қолжетімділікті ұйымдастырушыға берген.

Осы шоттар арқылы 3,1 млрд теңгеден астам қаражат түскені айтылды.

Халықаралық іздеу және экстрадиция

2025 жылдың тамызында Рантик Бахтияр Оглы халықаралық іздеуге жарияланып, сот сырттай оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдаған.

Ал 2026 жылдың қаңтарында ол Грузияда ұсталып, әрі қарай тергеу жүргізу үшін Қазақстанға экстрадицияланған.

Мүлікті тәркілеу

Активтерді жасыру үшін үшінші тұлғалардың атына рәсімделген екі автокөлікті сотқа дейін тәркілеу бастамасы көтерілген:

  • Porsche Cayenne

  • Lexus GX 460

Сот қаулысымен аталған көліктер мемлекет кірісіне тәркіленді.

АФМ департаменті заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#онлайн #ойын #Құмар ойын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Корея президентінің арнайы өкілін қабылдады

Бүгін 15:32

Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді

Бүгін 15:30

Алматыда тарихи матч: әуесқойлар мен алып клубтың кездесуі

Бүгін 15:26

"Енді қаңғыған иттер жүрмейді". Мәжілісте бұралқы ит иелерінің жауапкершілігі қалай күшейтілетіні түсіндірілді

Бүгін 15:02

Жаркентте автотұрақтағы көлікте жалаңаш отырған екі ер адам видеоға түсіп қалды

Бүгін 14:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика