конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / 300 млн аудиториясы бар 250-ден астам тревел-блоге...

300 млн аудиториясы бар 250-ден астам тревел-блогер Алматыны әлемге танытып жатыр

Алматы Бүгін 14:19 42
300 млн аудиториясы бар 250-ден астам тревел-блогер Алматыны әлемге танытып жатыр
Алматы әкімдігі

Тағамы керемет, ал адамдар өте мейірімді әрі ашық, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда 20–23 тамыз аралығында тревел-блогерлерге, журналистерге, инфлюенсерлерге және туризм индустриясының мамандарына арналған ірі халықаралық алаңдардың бірі TBEX Asia 2026 өтіп жатыр. Қалаға әлемнің түкпір-түкпірінен 250-ден астам автор мен сала өкілі келді. Олардың жалпы аудиториясы шамамен 300 млн адамды қамтиды.

Бірнеше күн бойы Алматы жаһандық медиа алаңға айналып, Қазақстанды әлемнің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған әлеуетті саяхатшыға тікелей таныстыруға мүмкіндік беріп отыр. TBEX-тің әр қатысушысы - шетелдік аудиториямен байланыс орнататын дербес ақпарат арнасы: Instagram, TikTok, YouTube, Facebook, Pinterest, Snapchat, блогтар, подкасттар және онлайн-БАҚ. Бүгін Алматыда жасалып жатқан контент форум күндері аяқталғаннан кейін де қала мен елдің танымалдығын арттыруға қызмет ете береді.

TBEX қатысушыларының арасында миллиондаған аудиториясы бар авторлар да бар. Америкалық тревел-блогер Christopher Reese Joondeph (Authentic Traveling) әлеуметтік желілерде 3 млн-нан астам оқырман жинаған. Филиппиндік тревел-инфлюенсер әрі YouTube-креатор Wil Dasovich-тің Instagram желісінде шамамен 1 млн оқырманы бар. Ал «XXI ғасырдың Ибн Баттутасы» атанған мысырлық саяхатшы әрі тележүргізуші Ahmed Haggag-тың Instagram-дағы аудиториясы 1,3 млн-нан асады.

Осылайша, Алматы бір ғана жарнамалық науқан арқылы емес, әр елдегі аудиториясына саяхат туралы әңгімелейтін жүздеген тәуелсіз автордың контенті арқылы қатар таныстырылып отыр.

Мұндай форматтың басты құндылығы – Алматыны саяхатшылардың өз көзімен көрсету мүмкіндігі. Қонақтар туристік нысандарды аралап қана қоймай, бағытын қалыптастырып, фото мен бейне түсіреді, жергілікті тұрғындармен тілдеседі, ұлттық асханамен танысады, таулы аймақтарды зерттеп, Қазақстан туралы әңгімелейді.

«Шынымды айтсам, Қазақстан туралы көп біле бермейтінмін. Бірақ әзірге алған әсерім өте жақсы. Тағамы керемет, ал адамдар өте мейірімді әрі ашық», – деді британдық тревел-блогер әрі экспедиция ұйымдастырушысы Уилл Хаттон.

22 және 23 тамызда Алматыда TBEX Asia 2026-ның негізгі іскерлік бағдарламасы өтеді. Оның аясында халықаралық сарапшылардың баяндамасы, тақырыптық сессия, туристік бағыттардың таныстырылымы, кәсіби кездесу мен нетворкинг ұйымдастырылады.

TBEX Asia 2026-ның Орталық Азияда алғаш рет өткізілуі – әлемдік туризм индустриясының өңірге және Қазақстанға деген қызығушылығының артып келе жатқанының көрсеткіші. Бүгінде Алматы туристер үшін тартымды бағыт қана емес, жаһандық travel-индустрияның да маңызды тоғысатын орталығына айналып келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #БАҚ өкілдері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық дзюдошы Әділжан Нұрбекен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Бүгін 14:47

Қазақстанда 72 теміржол вокзалын реконструкциялау аяқталды

Бүгін 14:31

Олжас Бектенов Changi Airport Group басшысы Ям Кум Вэнгпен көлік саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Бүгін 14:26

Зейнетақы рәсімдеу кезінде қажет болуы мүмкін құжат қандай?

Бүгін 14:10

Алматыда Майлин көшесінің бір бөлігінде жөндеуге байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 12:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);