AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / 3 тамызға арналған ауа райы болжамы

3 тамызға арналған ауа райы болжамы

Өмір-өзен 03.08.2022, 02:00 2,085
3 тамызға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөзі

Ел аумағында жаңбыр жауып, күн күркірейді 


3 тамыз, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазгидрометке сілтеме жасап. 


Қазақстан территориясының басым бөлігі атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Фронттар солтүстіктен оңтүстікке ауыса отырып, жаңбыр жауғызады, салдарынан найзағай ойнап, екпінді жел соғады. 
Күндіз орталықта, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады, батыста, шығыста, оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін. 
Түнде және таңертең республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман түседі. Тек еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстігінде антициклон сілемі бар жерлерде жауын-шашын тоқтайды. 
Күндіз Қарағанды облысының шығысында, орталығында, Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. 
Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде қатты ыстық сақталады. 
Қызылорда облысының басым бөлігінде, Абай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Нұр-Сұлтан қаласында аспанда көшпелі бұлт жөңкіледі, жауын-шашын жоқ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +23+25°С болады. 
Алматы қаласында көшпелі бұлт шығып, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +19+21°С, күндіз +29+31°С болады. 
Шымкент қаласында көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші - 8-13, екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +31+33°С болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #Қазгидромед #жел
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды

Бүгін 18:15

Аянат Жұмағали Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Бүгін 17:15

Алматыға «ТМД-ның 2026 жылғы спорт астанасы» сертификаты табысталды

Бүгін 16:57

Мерейтойлық Almaty Marathon-ға қатысқан шетелдіктер саны рекордтық көрсеткішті құрады

Бүгін 16:48

Алматы хайуанаттар бағында маралдардың екі төлі дүниеге келді

Бүгін 16:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);