AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / 23 қаңтардан бастап шетелдік көліктерді заңдастыру...

23 қаңтардан бастап шетелдік көліктерді заңдастыру басталады

Керек кеңес 21.01.2023, 05:51 1,522 Аlmaty-akshamy.kz
23 қаңтардан бастап шетелдік көліктерді заңдастыру басталады
сурет:Almaty.tv

Шетелдік көлік иелері утиль алымнан босатылады.


23 қаңтардан бастап шетелдік автокөліктерді заңдастыру жүргізіледі, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Қазақстан азаматтары сырттан әкелген шетелдік есептегі жеңіл автокөліктер, шағын, орта сыйымдылықтағы автобустар, шағын жүк көліктер, басқаруы оң жақ рульді автокөліктер.


ЗАҢДАСТЫРУ ҮШІН ТАЛАП ЕТІЛЕТІН ЕРЕЖЕЛЕР


-Автокөлік Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген болуы керек;


-Криминалдық есепте болмауы керек;


-Басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы тиіс;


-Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі қажет.


Өтінім беру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.


ӨТІНІМ БЕРУ ЖОЛДАРЫ


-е-gov.kz электронды үкімет порталы арқылы;


-деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы;


-ХҚКО-ның «Өз-өзіне қызмет көрсету секторы» арқылы.


АВТОКӨЛІКТІ ЗАҢДАСТЫРУ ҮШІН ҚАЖЕТ ҚҰЖАТТАР


- Өтінім;


- Өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат;


- Көлік құралының паспорты немесе тіркеу туралы куәлік;


- Көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат. Нәтижесі арнайы базаға тіркеледі және көлік иесінің телефонына 1414 нөмірінен SMS жіберіледі. Онда қабылданған шешім нақты жазылады.


ҚАНША МЕМЛЕКЕТТІК АЛЫМДАР ТӨЛЕНЕДІ


-Алғашқы тіркеу үшін – 200 000 теңге;


-Техпаспорт үшін мемлекеттік БАЖ – 4 313 теңге;


-Мемлекеттік нөмір – 9 660 теңге.


Одан соң көлік иесі шетелдік техпаспорт, меншік құқығын растайтын құжатты ХҚКО мамандарына тапсырады.


Тіркеу бекітілгеннен кейін автокөлік иесіне ҚР тіркеу құжаты, мемлекеттік нөмір беріледі.


Шетелдік көлік иелері утиль алымнан босатылады.


Сондай-ақ шетелдік көліктерді заңдастыруға көмек көрсететін сall-орталықтар іске қосылды. Барлық өңір бойынша телефонды осы жерден алуға болады.


Айта кетсек, сall-орталықтан бөлек, шетелдік көлікті заңдастыру бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарында мамандар кеңесі ұсынылды.


Шетелден әкелінген қандай көлік түрі заңдастыруға жатпайтыны туралы толық ақпараттан оқуға болады.


Сонымен қатар шетелдік көлікті заңдастырмаған жағдайда қандай жаза қолданылатыны айтылды.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Шетелдік көліктер #Заңдастыру #Утиль алым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:32

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Кеше 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Кеше 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Кеше 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Кеше 20:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);