AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / 22 мыңнан астам талапкер Абай университетін таңдад...

22 мыңнан астам талапкер Абай университетін таңдады

Білім және ғылым 22.07.2026, 16:49 418
22 мыңнан астам талапкер Абай университетін таңдады
«Abai University» медиа орталығы

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына биыл 127 мыңға жуық талапкер өтініш берген. Байқау талаптары бойынша үміткерлер 4 түрлі білім беру бағдарламасы мен жоғары оқу орнын таңдауға құқылы, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Өтінімдер нәтижесінде Абай университетін 22 мыңнан астам талапкер таңдап, тарихы 100 жылға жуықтаған тұңғыш жоғары оқу орнында білім алуға ниет білдіріп отыр. Осылайша «Талапкер – 2026» науқанында педагогикалық көшбасшы қасиетті қара шаңырақ еліміздің жетекші университеттері арасынан алдыңғы қатарға шықты. 

Қазақстан бойынша 13-20 шілде аралығында мемлекеттік грант конкурсына өтініш қабылдау жүргізілді. Жалпы саны 127 мыңға жуық талапкер конкурсқа өтініш жазған. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше биыл бакалавриат деңгейінде білім алуға 75 мыңнан астам грант бөлініп отыр. Гранттардың басым бөлігі (60%) инженерлік бағыттағы мамандықтарға, 20% – педагогикалық мамандықтарға, 20% – басқа салаларға  еңбек нарындағы қажеттілікті ескере отырып берілді.

Абай университетінің қабылдау комиссиясы да мемлекеттік грантқа өтініш қабылдау науқанын сәтті жүргізді. Конкурс талаптарына сай талапкер 4 түрлі білім беру бағдарламасы мен жоғары оқу орнын таңдауға құқылы екенін ескерсек, осындай нақты таңдау бойынша педагогикалық бағытта Орталық Азия мен Қазақстандағы көшбасшы университет елімізде алдыңғы қатарға шығып отыр. Ұлттық тестілеу орталығының дерегіне сәйкес, Абай атындағы ҚазҰПУ-ды республика бойынша 22 115 талапкер өз таңдауында көрсеткені соған нақты дәлел. Оның ішінде: 1-таңдауда – 6479, 2-таңдауда – 6162, 3-таңдауда – 5458, 4-таңдауда – 4016 талапкер белгілеген.

Сондай-ақ университетке 423 «Алтын белгі» иегері, 614 үздік аттестат/диплом иелері, 16 патриоттық жетістіктері немесе пәндік олимпиада жеңімдары оқуға түсуге өтінім білдірген. Көптеген талапкерлер Абай университетіндегі құқық, шет мұғалімдері даярлау және информатика пәні мұғалімі білім беру бағдарламаларын таңдаған. Атап айтсақ, (KZ-FR-007) «Құқық» – 1 230 , B018 «Шетел тілі мұғалімдерін даярлау» – 1 173, B011 «Информатика мұғалімдерін даярлау» – 953 өтініш түскен.

Мемлекеттік білім беру грант нәтижесі 10 тамызға дейін жарияланады. Ал университеттің қабылдау комиссиясы 25 тамызға дейін жұмыс істейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Абай университеті
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда заңсыз салынған «Жетісу-Семиречье» базарын бұзу жұмыстары басталды

Бүгін 09:35

Ұлттық ұлан офицерлері алматылық оқушыларға ерлік сабағын өткізді

Кеше 19:10

Мемлекет басшысы СNMC компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Вэнь Ганды қабылдады

Кеше 18:15

Қазақстанның жасанды интеллектіні дамыту саласындағы тәжірибесі ТүркПА-да таныстырылды

Кеше 18:07

Мәслихат депутаттарының сайлауы бойынша сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру туралы ақпараттық хабарлама

Кеше 18:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);