Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Шешім / 2026 жылы Қазақстанда қай жолдар салынып, қай бағы...

2026 жылы Қазақстанда қай жолдар салынып, қай бағыттар жөнделеді?

Шешім 04.01.2026, 12:05 719
2026 жылы Қазақстанда қай жолдар салынып, қай бағыттар жөнделеді?
depositphotos.com

2026 жылы Қазақстанда 11 мың шақырымнан астам автомобиль жолын салу және жөндеу жоспарланып отыр. Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров басым жобалардың нақты учаскелерін атады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.  

Вице-министрдің айтуынша, келер жылы ірі магистральдарды салу мен қайта жаңғырту жұмыстары жалғасады. Соның ішінде Ұлытау облысы аумағындағы Қызылорда – Жезқазған автожолының 208 шақырымдық бөлігінде құрылыс-қайта құру жұмыстары тоқтамайды.

Сондай-ақ жалпы ұзындығы 896 шақырым болатын «Орталық – Батыс» жобасын іске асыру, әрі қарай Ақтөбе – Ұлғайсын (232 км) және Қарағанды – Жезқазған (572 км) бағыттарындағы жобаларды жүргізу көзделген.

Мақсат Қалиақпаров барлық қажетті техникалық-экономикалық негіздеме дайын екенін, қаржы қарастырылғанын және жұмыстар жоспарға сай атқарылып жатқанын мәлімдеді.

Қалаларды айналып өтетін жолдар

2026 жылы бірқатар елді мекенде айналма жолдар салу жоспарланған. Атап айтқанда, Сарыағаш, Қызылорда, Петропавл және Рудный қалаларының айналма бағыттары қолға алынады.

Туристік және шекара маңы маршруттары

Көлік министрлігі туристік және шекараға жақын жолдарды дамыту жұмыстарын да жалғастырады. Олардың қатарында Рахман қайнарына апаратын жол, сондай-ақ Петропавл – Ресей Федерациясының шекарасы бағыты бар.

2026 жылға жоспарланған күрделі және орташа жөндеу учаскелері

Жөндеу жұмыстары мына бағыттарда қарастырылған:

  • Жезқазған – Петропавл

  • Атырау – Орал

  • Жаңаөзен – Кендірлі

  • Мұқыр – Құлсары

  • Макинск – Ақсу – Торғай және өзге де учаскелер

Жергілікті жол желісі мен өзге жобалар

Жергілікті маңызы бар жолдар бойынша Ақтау – Форт-Шевченко, Түркістан – Шәуілдір, Чапай – Сайхын бағыттарын дамыту жоспарланған. Сонымен бірге Семей қаласындағы автогужевой көпірдің құрылысы да жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жол инфрақұрылымы #жол жөндеу #магистраль #туристік маршрут
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: "Алматының ахуалы тым күрделі"

Бүгін 15:50

Алматыда «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына 36 мыңнан астам тұрғын қатысты

Бүгін 15:44

«Таза Қазақстан» республикалық науқаны аясында Алматыда ауқымды сенбілік өтті

Бүгін 15:31

Сенбілік барысында Eco Almaty қызметкерлері 25 текше метрден астам қоқыс шығарды

Бүгін 15:02

Бизнес таза қала үшін: Алматыда «Алатау» АЭА АТТ қатысушылары сенбілікке шықты

Бүгін 14:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика