AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / 2026 жылы Алматы бюджетінің кірісі 2,5 трлн теңгег...

2026 жылы Алматы бюджетінің кірісі 2,5 трлн теңгеге дейін өседі

Барлығы 10.12.2025, 14:35 749 Сұлу
2026 жылы Алматы бюджетінің кірісі 2,5 трлн теңгеге дейін өседі
Алматы әкімдігі

2026 жылға арналған жергілікті бюджеттің кірісі 2,5 трлн теңге көлемінде жоспарланған. Бұл туралы қала әкімі Дархан Сатыбалды мәслихаттың кезектен тыс XXIX сессиясында мәлімдеді.

Оның айтуынша, қаланың экономикалық өсімімен бірге жергілікті бюджетке түсетін қаражат та тұрақты оң динамика көрсетіп келеді. Бүгінде Алматы бюджеті негізінен жергілікті түсімдер есебінен қалыптасады. Қала республикалық бюджеттің негізгі донорларының бірі болып қала береді, жалпы кірістің бестен бірінен астамын қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар, қала бюджетінен алынатын қаражат көлемі айтарлықтай артқан: 2025 жылы 250 млрд теңгеден 2026 жылы 491 млрд теңгеге дейін өседі.

"Жалпы, алдағы үш жылда республикалық бюджетке шамамен 1,8 трлн теңге аударылады. Бұл алдыңғы үш жылдық кезеңмен салыстырғанда 2,6 есе көп. Қаржылық жүктеменің артуына қарамастан, біз жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ қарыз тарту арқылы ауқымды инвестициялық жобаларды іске асыруды бастаймыз", - деді Алматы әкімі.

2026 жылы жергілікті бюджеттің шығысы 2,8 трлн теңге көлемінде жоспарланған, оның үштен бірі - 850 млрд теңге экономикалық өсімді ынталандыруға бағытталады. 

"Айта кету керек, биыл қазіргі шығыстарды оңтайландыру жұмыстары жүргізіліп, оның нәтижесінде қаражатты даму бюджетіне қайта бөлуге мүмкіндік туды", - деп сөзін қорытындылады Дархан Сатыбалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #бюджет #кіріс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

5 елден 200-ден астам жас хоккейші Almaty Nova Cup 2026 турнирінде бақ сынады

Бүгін 17:36

«Гүл Алматы – 2026» V фестивалі жоғары деңгейде өтті

Бүгін 17:10

Оқушылар Полиция департаментінің музейіне экскурсия жасады

Бүгін 17:00

PGL Astana 2026: әлемнің үздік командалары елордада бас қосады

Бүгін 16:52

«Сарбаз болғым келеді»

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);