AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / 2025 жылы 300 мыңнан астам жас алматылық қалалық ж...

2025 жылы 300 мыңнан астам жас алматылық қалалық жобаларға тартылды

Барлығы 23.02.2026, 11:25 278 dulatbekova
2025 жылы 300 мыңнан астам жас алматылық қалалық жобаларға тартылды
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

2025 жылы Алматы жастары жұмысшы кәсіптерін дамыту, құқықтық тәрбие беру, экология, медиа, мәдениет және халықаралық ынтымақтастық бағыттарындағы жобалар арқылы қаланың дамуына қомақты үлес қосты , – деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бұл туралы қаланың Жастар саясаты басқармасының өкілдері өткен жылдың қорытындысы бойынша есеп беру барысында мәлімдеді.

Қазақстанда жарияланған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Алматыда 120-дан астам іс-шара ұйымдастырылды. Медиа-контент әзірлеу маңызды бағыттардың біріне айналды. Атап айтқанда, «Бейне» деректі жобасы аясында ұста, өрт сөндіруші-құтқарушы, әлеуметтік кәсіпкер және өзге де мамандықтар туралы 10 шағын фильм түсірілді.

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы шеңберінде жастардың құқықтық санасын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға бағытталған бағдарлама аясында 330-дан астам іс-шара өткізілді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілік» және Adal urpaq жобалары көптеген жасты біріктірді.

Экологиялық белсенділік те жоғары деңгейде болды. «Таза Қазақстан» акциясы аясында 570-тен астам іс-шара өткізіліп, оған 125 мыңнан астам адам қамтылды. Фестивальдер, онлайн-челлендждер мен рейдтер ұйымдастырылды. 120 гектардан астам аумақ тазартылып, студенттер мен қауымдастық орталықтарының резиденттері қатысқан акция барысында 200 тоннадан астам қоқыс жиналды.

2025 жылы Алматы ресми түрде түркі әлемінің Жастар астанасы болды. Тамыз айынан бастап форумдар, фестивальдер, жастардың тәжірибе алмасу бағдарламалары және TURKCUP 2025 халықаралық КВН жобасын қамтыған 100-ден астам іс-шара жүзеге асырылды.

Жастар саясаты басқармасының мәліметінше, 2026 жылы жасанды интеллектті енгізу мен цифрландыруды дамытуға, еріктілік қозғалысын кеңейтуге, жастардың шығармашылық әлеуетін арттыруға, нашақорлықтың алдын алуға, спорттық белсенділікті күшейтуге, сондай-ақ халықаралық жастар ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған 9 серпінді жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жастар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Бүгін 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Бүгін 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Бүгін 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Бүгін 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);