AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / 2023 жылы Қазақстанда газ экспорты тоқтауы мүмкін

2023 жылы Қазақстанда газ экспорты тоқтауы мүмкін

Экономика 06.06.2022, 09:59 1,623
2023 жылы Қазақстанда газ экспорты тоқтауы мүмкін
Сурет: Inform.kz

2023 жылы Қазақстанда газ экспорты тоқтап қалуы мүмкін.


Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында QazaqGaz ҰК АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«2024 жылы газ саласы дағдарысқа тап болуы мүмкін. Егер тұтынушылардың барлық өтінімдерін орындасақ, онда бұл дағдарыс 2023 жылы байқалады. Біріншіден, тауарлы газдың тапшылығы 2024 жылы басталады. Ішкі нарыққа қажет көлем қолда бар ресурстардан асып түседі. Егер шұғыл шаралар қабылданбаса, газ экспорты 2023 жылы тоқтап қалуы ықтимал», - деді С. Жаркешев.



Осы орайда ол ішкі бағаны субсидиялау бағытында экспорт басты табыс көзі болғанын еске салды.



«Ішкі нарықта жаңадан ірі тұтынушылар пайда болып отыр. Олардың арасында жылу электр орталықтарын газ жағуға ауыстыру жобалары, жаңа өндірістерді газға қосу, сондай-ақ ірі коммерциялық тұтынушылардың жүйеге қосылуы бар», - деді басқарма төрағасы.



С. Жаркешев Мәжілістегі Үкімет сағатынан кейін тілшілерге газ экспортының шарттары туралы айтты.



«Жыл сайын бізде Қытаймен 10 млрд-қа дейін экспорттық келісім бар. Алайда бұл көлемді орындай алмай отырмыз. Себебі экспортқа тиесілі газ еліміздің ішкі нарығына бағытталып жатыр. Елімізде ішкі нарықты қамтамасыз етуге басымдық қойылған», - деді ол.



Бұдан бұрын хабарланғандай, 2025 жылға қарай отандық газдың тапшылығы болуы мүмкін. Ел ішінде газ тұтыну көлемі тұрақты түрде өсіп келеді. Сонымен қатар Санжар Жаркешов Қазақстан газының экспортын 5 млрд текше метр деңгейінде сақтауға басымдық берілуі керек екенін айтты.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#газ #экспорт #үкімет сағаты
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Клиникалардағы сыбайлас жемқорлықты хабарлай аласыз

Бүгін 08:59

Жаңбыр, бұршақ, тұман: бүгінгі ауа райы мәліметі

Бүгін 08:38

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын өткізді

Кеше 20:42

Бұралқы иттер мәселесі: қазақстан аулау, стерильдеу, вакцинациялау және босатудан неге бас тартқалы отыр?

Кеше 20:37

Бұтақтыда экологиялық акция өтті: алматылық жастар «Бұлақ көрсең, көзін аш» акциясына қатысты

Кеше 20:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика