AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / 2023 жылы Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тау...

2023 жылы Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тау өткелдері саяхатшылар үшін ашылады

Керек кеңес 30.08.2022, 11:10 2,045
2023 жылы Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тау өткелдері саяхатшылар үшін ашылады
Сурет: Inform.kz

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы саяхатшылар үшін 13 жыл бойы жабық болған трансшекаралық тау маршруттары 2023 жылы ашылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Жақында Алматы қаласынан Ыстықкөлге Сарыбұлақ асуы арқылы пилоттық сапар жасалды. Қазақстан мен Қырғызстанның шенеуніктері, бизнесмен, депутат және қоғам қайраткерлерінен құралған топтың үш күндік саяхаты Ыстықкөл облысы Түп ауданы Балбай батыр ауылында аяқталды. Саяхатшылар таулы жолдармен 25 шақырымнан астам қашықтықты жаяу жүріп өтті. Ұйымдасқан түрде Көлсайдағы үш көлге соғып, теңіз деңгейінен 3 270 метр биіктіктегі Сарыбұлақ асуына көтеріліп, Ыстықкөл алқабына түсті.


Маршрутты пилоттық жүріп өту барысында табиғи сипаттағы ықтимал қатерлер тұрғысынан жергілікті жерге зерттеу жүргізілді, шекараны кесіп өту рәсімі пысықталды, соқпақтардың жай-күйі туралы деректер жаңартылды.



Танымал тау өткелдері треккинг, ат немесе экстремалды велосипед турларын ұнататындарға, қазақстандық және қырғызстандық туристер мен алыс шет елдерден келетін саяхатшыларды қызықтыруы мүмкін.


Қазақстан мен Қырғызстанның парламентарийлері, ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы, Қырғызстан туризмді дамытуды қолдау қорының төрағасы тау маршрутын ашуға дайындық бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Осы жылдың сәуір айында барлық проблемалық мәселелерді реттеуге және трансшекаралық бағыттарды жандандыруға бағытталған «Kaz Alpine Club» Қазақстан қоғамдық бірлестігі мен «КАТО» ААҚ Қырғызстан туроператорлар қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Таяуда туризм саласындағы құзырлы органдар арнайы үкіметаралық келісімге қол қояды деген жоспар бар.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#саяхат #қырғызстан #Ыстықкөл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының кей аудандарында жарық болмайды

Бүгін 12:08

Алматыда дүкендер мен дәмханалар орналасқан заңсыз нысан бұзыла бастады

Бүгін 11:48

Қазақстанда «қызыл аймақтағы» ЖЭО-лар саны 4 есеге қысқарды

Бүгін 11:10

Жұмыссыздық жәрдемақысы үш айға ғана тағайындалуы мүмкін

Бүгін 11:09

Олжас Бектенов пен Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы Иэн Сондерс ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

Бүгін 11:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);