AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / 2001 жылдың 11 кыркүйегінде АҚШ-тағы терактіден ал...

2001 жылдың 11 кыркүйегінде АҚШ-тағы терактіден алматылық Жанетта Цой қаза тапты

Оқиға 11.09.2021, 09:32 1,397 Almaty-akshamy
2001 жылдың 11 кыркүйегінде АҚШ-тағы терактіден алматылық Жанетта Цой қаза тапты
Cурет: Alashainasy.kz

Нью-Йорктегі жаңа жұмысының алғашқы күні болатын.


2001 жылы Нью-Йорктегі Бүкіләлемдік сауда орталығында болған лаңкестік шабуылдан 32 жастағы отандасымыз Жанетта Цой қаза тапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еxk.kz-ке сілтеме жасап.


Нью-Йорк мұнарасында басталған жаңа өмір. 


2001 жыл 11 қыркүйек таңертеңгі сағат 9:00. Бұл күні отандасымыз Жанетта Цой жаңа өмірге алғашқы қадамын басты. Өйткені АҚШ-тағы жаңа жұмысының алғашқы күні болатын. Жолдасы Вячеслав екеуі көптеген қиыншылықтарды артқа тастап, оларды «жарқын болашақ күтіп тұр» деп сенді. Бұрын тек кинолардан көріп жүрген биік-биік аспанмен таласқан мұналардың арасымен Жанетта Бүкіләлемдік сауда орталығының ғимаратындағы жаңа жұмысына келді. Дәл америкалық кинодағыдай еді.
32 жастағы алматылық Жанетта Цой Америкаға Marsh & McLennan компаниясының Қазақстандағы кеңсесінен ауысып келді. Ол осыған дейін отбасымен бірге АҚШ-та тұруға мүмкіндік беретін жасыл картаны (грин-карта) ұтып алған еді. Кейін өзі есепші болып жұмыс істейтін компания оған Нью-Йорктегі кеңседе жұмыс істеуге ұсыныс білдірді. «Міне тағдырдың сыйы» деп ойлады Цой әулеті. Алайда тағдырдың сыйының артында Цой отбасы үшін ешқашан ұмтылмайтын жазылмас қайғы жасырынып тұрған еді.


«Сол күні жұмысқа қатты асықты».


Жанетта жұмысқа 17 қыркүйек шығуы тиіс болған. Алайда компания басшылығы оған ертерек шығуды өтінгендіктен, ол алғашқы жұмыс күнін 11 қыркүйекте бастады (кейбір деректерде 10 қыркүйек деп көрсетіледі). Бұлай асықпағанда, бәлкім тірі қалар ма еді, кім білсін?!



- Ол сол күні жұмысқа қатты асықты. Үлгермей қаламын деп қорықты. Жаңа жұмысында бәрі сәтті басталғанын қалады. Алайда бәрі басқаша болды,
- дейді жолдасы Вячеслав Лигай.



«Әл-Каида» (Қазақстанда тиым салынған ұйым) содырлары ұшақты басып алып Бүкіләлемдік сауда орталығының ғимаратына бағыттап, жарған кезде, отандасымыз Жанетта нағыз америкалық бикештер қатарында жұмыс істеп жатқан еді.


Сүйегі тек жеті айдан кейін ғана табылды.


Бірнеше айлар бойы Жанетта қайтыс болғандар мен тірі қалғандардың тізімінде болмады. Алғашқы күндері ҚР Сыртқы істер министрлігі қаза тапқандардың арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеген болатын. Жанеттаның ата-анасы мен жолдасы оның тірі қалғанына сенімді болды. Алайда жеті ай өткеннен кейін олардың үміттері үзілді - сараптама ғимараттан табылған сүйектердің Жанеттаға тиесілі екенін растап берді.



- Қызымыз қайда жұмыс істейтінін білеміз ғой. Жаңалықтардан көрсетіп жатқанда бірден оған хабарластық. Телефон тұтқасын көтермеді. Вячеслав та біздің қоңырауымызға жауап бермеді. Тек үш күннен кейін оның жоғалып кеткенін білдік, - дейді анасы Раиса Цой.



Жанеттаның туыстары күйеу баласы Вячеслав пен жиені Александраны бірнеше рет елге шақырды. Алайда әкесі мен қызы елге оралудан бас тартты. Айтпақшы, қызы Александра қазір спортта үлкен белестерді бағындырып жүр.



- Қазақстанға қайтпаймыз. Тірі болсын, өлі болсын  - менің әйелім осында. Ол осында болған кезде, біз оның қасынан табыламыз, - дейді Вячеслав Цой.



Жанеттаның есімі тасқа ойылып жазылды.


Цой отбасы әр жылдың 11 қыркүйегінде Жанеттаны еске алып, оның қабіріне барып тұрады. АҚШ-тағы қазақстандықтар да осы күні Жанеттаның есімі ойылып жазылған «11 қыркүйек» мемориалына барып, гүл шоқтарын қояды. 2015 жылы мемориалға ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та барып, теракт құрбандарын еске алу рәсіміне қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АҚШ #11 қыркүйек #қос мұнара #терракт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Алатау ауданында Шәріпов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 22:09

Мемлекет басшысы цифрландырудың елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі фактор екенін айтты

Кеше 20:14

Мемлекет басшысы Еуразиялық көлік дәліздерін цифрландырудың маңызын атап өтті

Кеше 20:06

Тоқаев ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Кеше 20:03

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөйледі

Кеше 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);