AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінг...

2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 95 % - ға артады

Білім және ғылым 05.03.2025, 11:44 1,043
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 95 % - ға артады
Сурет: Gov.kz
Қазақстанда мектепке дейінгі білім беру жүйесі қарқынды дамып келеді.
 
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес балабақшаларды іске қосу бойынша 2023-2027 жылдарға арналған қадамдық жоспары бекітілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2025 жылы кезекте тұрған 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды сапалы мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен қамтуды 95%-ға арттыру жоспарлануда. Осы мақсатта жаңадан 64 мың орын ашылады, жыл басынан бері 1,6 мың орындық 20 мектепке дейінгі ұйым қолданысқа берілді.

Мектепке дейінгі білім берумен қамтуды арттыру жұмыс жасап тұрған балабақшаларды салу, реконструкциялау, жаңғырту, шағын орталықтар санын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік тапсырысты ваучерлік қаржыландыру арқылы енгізу есебінен жүргізіледі.

«Ваучерлік қаржыландыру жүйесі іске қосылған сәттен бастап ата-аналарға 99 мың ваучер берілді, бұл олар үшін балабақшаны өз бетінше таңдау мүмкіндігі. Мемлекеттік қаражаттың белгілі бір ұйымға емес, нақты балаға бағытталып жұмсалуы – қаржыландыру механизмін жариялы етеді. Пилоттық жобаға Тараз, Түркістан, Шымкент, Орал және Астана қалалары қатысуда. Өңірлердің дайындығына қарай бағдарлама кеңейтілетін болады», - дейді ҚР оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Манар Адамова.


Жалпы, 2027 жылға дейін кешенді жоспар шеңберінде мектепке дейінгі ұйымдарда жаңадан 300 мың орын қолданысқа беру жоспарлануда. Бүгінгі таңда Қазақстанда 11,6 мың балабақшаға 1 миллионға жуық бала барады.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектепке дейінгі білім #Қазақстан #қамту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);