Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / «18 килогерц» фильмі «Сыншылар таңдауы» киножүлдес...

«18 килогерц» фильмі «Сыншылар таңдауы» киножүлдесінде үздік болып танылды

Не? Қайда? Қашан? 11.09.2022, 12:00 1,611
«18 килогерц» фильмі «Сыншылар таңдауы» киножүлдесінде үздік болып танылды
Сурет: Inform.kz

Қазақстан киносыншылар қауымдастығы Алматыда өтіп жатқан VII Халықаралық «Байқоңыр» кинофестивалі шеңберінде «Сыншылар таңдауы» киножүлдесінің жеңімпаздарын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап. 


Пандемия салдарынан бұл киножүлде соңғы рет 2020 жылы өткізілген. Ұйымдастырушылар кейінгі екі жылда жарыққа шыққан 40-тан астам туындының ішінен үздіктерін анықтады. Нәтижесінде, 4 бірдей номинацияда ұсынылған Фархат Шариповтың «18 килогерц» көркем фильмі «Үздік фильм» жүлдесімен марапатталды. Жүлдені киносыншылар қауымдастығының президенті Гүлнар Әбікеева табыстады.



«Шетелде алған бірнеше жүлдеміз бар, алайда туған жерде осындай марапатқа ие болғанымызға өте қуаныштымыз», - деді марапаттау рәсімінде фильмнің продюсері Дина Жұмабек.



Айта кетсек, «18 килогерц» фильмі алғаш рет халықаралық Варшава кинофестивалі шеңберінде көрсетіліп, қазақ киносының тарихында тұңғыш рет аталған фестивальдің бас жүлдесін жеңіп алған болатын. Сондай-ақ, Зара Есенаманның «Хардкор» повесінің желісімен түсірілген бұл фильм Германияда өткен 30-шы халықаралық Котбус кинофестивалінде «Үздік фильм» жүлдесімен марапатталып, Қазан қаласында өткен халықаралық мұсылман киносының фестивалінде бас жүлдеге қол жеткізген.


«Сыншылар таңдауы» киножүлдесінің кезекті жеңімпазы – «Жаным, айтсам сенбейсің» фильмі. Бұл кеште аталған кинотуынды «Үздік жанрлық фильм» жүлдесімен марапатталды. Сондай-ақ, бұл фильм «Үздік қоюшы суретші» (Әлия Одинаева), «Екінші пландағы үздік ер адам бейнесі» (Дулыға Ақмолда), «Үздік ән» («Ирина Кайратовна» feat. Hiro, De Lacure & Fatbelly – Koke) номинацияларында жеңіске жетті.



«Атбайдың шайқасы» фильмі үш бірдей жүлдемен марапатталды – «Үздік режиссер» (Әділхан Ержанов), «Үздік актер» (Данияр Алшынов), «Екінші пландағы үздік әйел бейнесі» (Динара Бақтыбаева).


Қазақстан мен Жапония бірлесіп түсірген «Барымташылар» фильмі «Үздік сценарий» (Ерлан Нұрмұхамбетов және Лиза Такеба) және «Үздік қоюшы оператор» (Әзиз Жамбакиев) жүлделермен марапатталды.


Актриса және продюсер Әсел Садуақасова «Ұлболсын» фильмінде сомдаған рөлі үшін «Үздік әйел бейнесі» жүлдесімен, ал итальяндық композитор Сандро ди Стефано «Оңбағандар» атты трагикомедиясы үшін «Үздік ән» жүлдесімен марапатталды.


«Сыншылар таңдауы» киножүлдесінде бес бірдей номинацияда ұсынылған Әлішер Жәдігеровтың «Отау» фильмі «Үздік дебют» номинациясында жеңіске жетті.


Сондай-ақ, Қазақастан киносыншылар қауымдастығы қазақ деректі киносының дамуына қосқан үлесі үшін Қанат Бейсекеевке және қазақ онлайн-сериалдарының дамуына қосқан үлесі үшін Анар Жүнісова мен Қуат Садықовқа арнайы жүлделерді табыстады.


Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан киносыншылар қауымдастығы өз жұмысын 2015 жылдан бері атқарып келеді. Бүгінгі таңда қауымдастықтың мүшелігіне 15 кәсіби сыншы мен кинотанушы қабылданған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кино #сыншы #Кинофестиваль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сенбілікке белсене қатысты

Бүгін 18:49

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Бүгін 16:55

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Бүгін 14:45

Болашақтың саясында өткен мереке: Алматыда «Тамырлас» жобасы басталды

Бүгін 14:19

ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика