Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / 16 шілде күні білім гранттарына құжат қабылдау бас...

16 шілде күні білім гранттарына құжат қабылдау басталады

Білім және ғылым 13.07.2021, 12:28 2,035
16 шілде күні білім гранттарына құжат қабылдау басталады
Сурет: .K-j.by

Қабылдау электрондық форматта жүзеге асырылатын болады.


ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 16 шілде күні басталып, 25 шілдеге дейін жалғасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Талапкерлер мен олардың ата-аналарының денсаулығын қорғау мақсатында жоғары оқу орындарында виртуалдық қабылдау комиссиялары жұмыс істеп, талапкерлерге бейне байланыс арқылы кеңес береді.


Оқуға түсушілер 6 мамыр мен 1 шілде аралығында өткен ҰБТ-ның екі нәтижесінің біреуін конкурсқа ұсына алады. Өтініш берген кезде талапкерлер аттестат, аттестатқа қосымшаның электрондық көшірмелерін және электрондық құжат нысанындағы көлемі 3×4 сандық фотосуретті, сондай-ақ басқа да құжаттардың көшірмелерін қоса тапсыруы қажет.


Егер талапкер «Алтын белгі» иегері немесе отансүйгіштік және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен марапатталған болса, онда ол басқа үміткерлермен балдары тең болған жағдайда басым құқыққа ие болады. 



Олимпиадалар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары үшін де осындай артықшылықтар қарастырылған. Талапкерлердің мұндай жетістіктерінің ескерілуі үшін құжаттарды тапсыру кезінде растайтын құжаттардың көшірмелерін тіркеу қажет. Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат болған кезде өтініш беруші сертификаттың атауын, балын көрсетеді және электрондық сертификатты тіркейді.



Сонымен қатар биыл білім беру гранттарын бөлу кезінде ҚР БҒМ алғаш рет халықтың әлеуметтік осал топтарына квоталар бөлді. Енді көпбалалы немесе толық емес отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардағы талапкерлердің грант алу мүмкіндіктері жоғарылай түсті.


Кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін гранттардың жалпы санының 5%-ы, кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардан шыққан балаларға – 1%, І, ІІ топтағы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасынан шыққан түлектерге білім беру гранттарының 1%-ы көзделген.



ҰБТ қорытындысы бойынша кемінде 65 балл жинаған талапкерлер Ұлттық жоғары оқу орындарына түсе алады. «Педагогикалық ғылымдар» – кемінде 75 балл, «Денсаулық сақтау» − кемінде 70 балл, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» – кемінде 60 балл, басқа жоғары оқу орындарына - кемінде 50 балл. Бұл ретте ҰБТ-ның әрбір пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл жинау қажет.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Горы #Альпенист #ЧП #Қазақстан #грант #білім #Студент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Денсаулық үшін күнделікті қанша су ішу қажет?

Бүгін 18:03

Қазақстандағы Алғыс айту күніне ұқсас әлемдегі мерекелер

Бүгін 17:31

Алматыдағы ҚХА құрамына кіретін этноорталықтар мен «Қазақстан–Қытай Құбыры» ЖШС жұмысшылары жаңа Конституцияны қолдады

Бүгін 17:30

Мемлекет басшысы Азия даму банкінің президенті Масато Канданы қабылдады

Бүгін 17:24

Алматыда әскери-патриоттық тәрбие мәселелеріне арналған республикалық семинар өтті

Бүгін 17:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі