AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / 10 тамыз – Абай күні: биыл ұлы ойшылдың туғанына 1...

10 тамыз – Абай күні: биыл ұлы ойшылдың туғанына 180 жыл

Барлығы 10.08.2025, 08:17 1,186
10 тамыз – Абай күні: биыл ұлы ойшылдың туғанына 180 жыл
Алматы әкімдігі

10 тамызда қазақстандықтар Абай күнін атап өтеді. Биыл ұлы ақын, ағартушы, философ және композитор Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толып отыр, деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Абай 1845 жылы Семей облысында (қазіргі Абай облысы) дүниеге келген. Оның шығармашылығы мен тұлғасы бүгінге дейін ұлттық сана-сезімнің символы болып келеді. Ұлы ақын шығыс пен батыс мәдениетін шебер ұштастыра білді. Пушкин, Лермонтов, Байрон, Гете сынды классиктердің туындыларын қазақ тіліне аударып, халқына ұсынды.

Мереке тарихы

Абай күнін атап өту мерекесі 2020 жылы, ақынның 175 жылдық мерейтойында ресми түрде бекітілді. 5 тамызда бұл дата Қазақстанның ресми мерекелер тізіміне енгізілді. Алайда мереке демалыс күні болып саналмайды.

Ел бойынша мерекелік шаралар

Мерейтойға орай елімізде бірқатар салтанатты іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарлама ұлы ақынның ескерткіштеріне гүл қою рәсімінен басталады. Алматыда жыл соңына дейін 120-дан астам іс-шара жоспарланған. 10 тамыз күні сағат 09:00-ден 11:00-ге дейін Абай және Достық даңғылдарында көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

"19 мыңға жуық Абай бар"

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, бүгінде Қазақстанда 18 763 адам Абай есімін иеленген. Ең көп Абай есімді азамат Астанада (2 089), Түркістан облысында (2 018) және Алматыда (1 719) тұрады. Бұл есімді иеленген ең жасы үлкен адам 1932 жылы туған. Ең танымал жас аралығы – 30-34 жас, бұл топта 3 228 Абай тіркелген.

Президент Тоқаев Абай жайлы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абайдың ел дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті:

"Ұлы ақын ұлтты бірігуге, әділетті қоғам құруға шақырды. Біз ұсынып отырған "Тыңдайтын мемлекет» тұжырымдамасы – оның идеяларының жалғасы. Мемлекет пен халықтың бірлесіп мәселелерді талқылауы – өркениетті қоғамның белгісі. Мұндай пікір алмасу үкіметке деген сенімді арттырып, тұрақтылықты нығайтады. Билік пен халықты біріктіретін бұл идеяның бастауында Абай тұр деп айтуға болады", – деді Мемлекет басшысы.

Абай Құнанбайұлы – қазақтың ұлы ақыны, композиторы, ағартушысы, ойшылы, қоғам қайраткері. Ол қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, алғашқы классигі, әрі мәдениетті Еуропаға жақындатқан реформатор болды. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Абай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Ұлыбритания одан арғы ынтымақтастыққа ашықтықты растады

Бүгін 21:15

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Бүгін 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);