AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / 1 типті қант диабетімен ауыратын науқас тарихта ал...

1 типті қант диабетімен ауыратын науқас тарихта алғаш рет дертінен толық жазылды

Медицина 01.10.2024, 17:45 1,242 dulatbekova
1 типті қант диабетімен ауыратын науқас тарихта алғаш рет дертінен толық жазылды
Cурет: Islam.kz

Қытай ғалымдары май тінінен алынған діңгекті жасушаларды қолдануды ұйғаратын инновациялық әдісті қолданып, 1 типті қант диабетімен ауыратын науқасты дертінен құлан таза айықтырды,  деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұл жайында islam.kz порталы Nature  мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

Жасушалар химиялық заттардың көмегімен қайта бағдарламаланып, инсулин өндіруге қабілетті аралшық жасушаларға айналдырылды. Бұл жасушалар науқастың ішкі бұлшықеттеріне енгізілді және 75 күннен кейін ол инсулинді қажет етпеді. Химиялық тұрғыдан индукцияланған діңгекті жасушалар қайта бағдарламалау факторы ретінде әрекет ететін арнайы шағын молекулалық химиялық заттардың көмегімен қалыптастырылды.

Олар оңай өндіріледі, стандартталған және геномға біріктірілмеген, бұл ерекшелік олардың жұмысын дәл реттеуге мүмкіндік береді. Бұл тәсіл өз кезегінде терапия үшін плюрипотентті діңгекті жасушаларды алудың жаңа әдісі ретінде алға шығады. Шән Жынан есімді ғалым басқарған топ 11 жыл бойы 1 типті қант диабетімен ауыратын науқасқа мұндай жасушаларды әлемдегі алғашқы трансплантациялау операциясын жасады. Науқас өзінің денесіндегі май тінінен алынған және 2022 жылы әзірленген әдіс арқылы қайта бағдарламаланған діңгекті жасушалардың арқасында сауығып кетті.

Трансплантаттың құрамында инсулин, глюкагон және соматостатин өндіретін жасушалар бар. Бірегей медициналық процедура 2023 жылдың  маусым айының 25-і күні ішкі бұлшықеттеріне аралшық жасушаларын енгізу арқылы жасалды. 75 күннен кейін науқас инсулинді қолдануды толығымен тоқтатты, ал 4 айдан кейін оның глюкоза деңгейі 96,21% дейін жақсарды. Ұзақ уақыт глюкоза көрсеткіші ретінде қызмет ететін гликирленген гемоглобин деңгейі 5%-ға дейін төмендеді: бұл өзгерістер организмнің аурудан айығып, толық қалпына келгенін көрсетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#1 типті қант диабеті #аурудан айығу #Қытай ғалымдары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мақпал Жүнісова мен Татьяна Бурмистрова марапатталды

Бүгін 19:01

Еркебұлан Еңсегенов таеквондодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бүгін 18:57

Алматыда мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды

Бүгін 18:52

Ясауи мұрасы және түркі руханияты

Бүгін 17:15

Алматыда бизнес нысандарынан шығатын зиянды қалдықтарға бақылау күшейтілді

Бүгін 15:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);