Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / 1 маусымнан бастап Қазақстанда не өзгереді?

1 маусымнан бастап Қазақстанда не өзгереді?

Мұны білген жөн 30.05.2025, 10:30 776
1 маусымнан бастап Қазақстанда не өзгереді?
gov.kz

2025 жылдың маусымы демалыстардан басталады. 1 маусым – жексенбі, ал 6 маусым – Құрбан айт мерекесіне орай ресми демалыс күні. Жаздың алғашқы айында елде бірнеше маңызды жаңалық пен өзгерістер болады. Аqshamnews.kz тілшісі қазақстандықтарды маусым айынан бастап қандай өзгеріс күтіп тұрғанын тізді.

Жаңа халықаралық әуекомпаниясы жұмысын бастайды

1 маусымнан бастап БАӘ-нің Air Arabia Abu Dhabi әуе компаниясы Қазақстанға алғашқы рейстерін бастайды. Абу-Дабиден Алматыға дейінгі тікелей рейстер аптасына үш рет: сейсенбі, жұма және жексенбі күндері қатынайтын болады. Алғашқы ұшақ 3 маусымда ұшады деп жоспарланып отыр. 

Қосымша пойыздар іске қосылады

Маусым мен қыркүйек аралығында жазғы жолаушылар легіне орай 11 қосымша теміржол бағыты іске қосылады:

  • Алматы–Жалаңашкөл бағытында үш «Тальго» пойызы,

  • Астана–Достық – аптасына 2 рет,

  • Алматы–Достық – екі күнде бір рет,

  • Семей–Достық және Өскемен–Достық бағыттары – әр екі күн сайын,

  • Астана–Алматы және Астана–Шымкент пойыздары – күнделікті қатынайды.

Бұл өзгерістер қосымша 270 мың жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.

сурет: depositphotos.com

Смартфондарды тіркеу мерзімі ұзартылды

25 маусымға дейін жеке тұлғалар шетелден әкелген смартфондарын тегін тіркей алады. Бұл шара – жөндеуден өткен немесе ұрланған смартфондардың елге заңсыз әкелінуіне жол бермеу үшін қолға алынды.

  • Бір адам 2 құрылғыны ғана тіркей алады.

  • Тіркеу eGov Mobile қосымшасы арқылы жүргізіледі.

Ал импорттаушылар үшін тексеру 25 мамырдан бастап ақылы және ресми құжаттарды ұсыну міндеттеледі.

сурет: depositphotos.com

Алматыда электр энергиясы қымбаттауы мүмкін                                                    

1 маусымнан бастап Алматы қаласында электр энергиясының тарифтері қайта көтерілуі мүмкін. Қазіргі жоба бекітілсе:

  • Халық үшін тариф – 27,59 теңгеден 29,52 теңгеге дейін көтеріледі.

  • Заңды тұлғалар – 38,66 теңге, ал бюджеттік мекемелер 111,72 теңге төлейтін болады.

Тарифтерді көтеру туралы шешім әзірге бекітілмеген, табиғи монополияларды реттеу департаменті қарауында.

сурет: depositphotos.com

Мектеп бітірушілер емтихан тапсырады

9 және 11 сынып оқушылары мемлекеттік қорытынды аттестация тапсырады:

  • 9-сынып оқушылары: 4 пәннен (математика, таңдау пәні және қазақ/орыс тілі).

  • 11-сынып: 5 пән (алгебра, Қазақстан тарихы, таңдау пәні және қазақ/орыс тілі).

Емтихан күндері:

  • Соңғы емтихан: 9-сыныптар үшін – 10 маусым,

  • 11-сыныптар үшін – 16 маусым.

  • Түлектерге аттестат табыстау: 18-20 маусым аралығы.

сурет: depositphotos.com

Телеграм арнаға жазылыңыз
#маусым #өзгеріс #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика