Арнайы жоба · 2026

Референдум
деген не?

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға жалпыхалықтық дауыс беру туралы толық нұсқаулық

15
Наурыз 2026 Референдум күні
Төмен
01

Референдум — жалпыхалықтық
дауыс беру

Референдум дегеніміз елімізде өткізілетін жалпыхалықтық дауыс беру процесі. Қоғамдық өмірдің маңызды мәселелері референдумда шешіліп, анықталады.

Референдум барысында екі нұсқадан бірін таңдайсыз — мәселені қолдау немесе қолдамау. Яғни «иә» немесе «жоқ».

«Республикалық референдум – Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдарының және қоғамдық өмірінің өзге де маңызды мәселелері бойынша шешімдердің жобалары бойынша жалпыхалықтық дауыс беру болып саналады.»

📜

Кім тағайындайды?

Референдум тағайындау құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне тиесілі.

🏛️

Кім бастама көтере алады?

Үкімет, Парламент немесе 200 мыңнан кем емес қазақстандықтар бастама жасай алады.

Қашан мәселе қабылданды?

Сайлаушылардың 50 пайызынан астамы оң дауыс берсе, мәселе қабылданды деп есептеледі.

02

Кім дауыс бере алады?

Референдумға қатысу ерікті түрде жүзеге асырылады. Заңда қатысу шарттары мен шектеулер нақты белгіленген.

Дауыс бере алады

18 жастан асқан Қазақстан Республикасының азаматтары. Таңдау жасай алатын, іс-әрекетке қабілетті жандар.

Дауыс бере алмайды

Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған, сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырғандар және Қазақстан азаматы еместер.

Ашықтық кепілдігі

Референдумды ұйымдастыру және өткізу ашық және жария түрде жүзеге асырылады. БАҚ арқылы барлық ақпарат жеткізіледі.

Байқаушылар

Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары референдумның әділ өтуін қадағалайды.

03

Қазақстандағы референдумдар тарихы

29 Сәуір 1995

Президенттік өкілеттікті ұзарту

Тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы референдум. Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзарту мәселесі қойылды.

95,46% қолдаушылар
30 Тамыз 1995

Жаңа Конституцияны қабылдау

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау бойынша конституциялық референдум. Осы күннен бастап 30 тамыз — Конституция күні.

90% оң дауыс
5 Маусым 2022

Конституцияға өзгерістер

Конституцияның 33 бабына түзетулер енгізу бойынша референдум. Суперпрезиденттіктен ықпалды парламенттік жүйеге өту мақсаты қойылды.

77,18% өзгерістерді қолдады
6 Қазан 2024

Атом электр станциясын салу

Еліміздегі алғашқы АЭС-тің құрылысы туралы тарихи шешім қабылданды.

63,6% азаматтар қатысты

Жаңа Конституция қабылдауға дауыс беру

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 11 ақпандағы Жарлығына сәйкес «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауалға жалпыұлттық жауап беріледі.

15
Наурыз
2026 жыл