Паспорт пен куәлік: 1 қаңтардан бастап құжаттардың бағасы қалай өзгереді?

  • 10:03, 09 желтоқсан 2025
Паспорт пен куәлік: 1 қаңтардан бастап құжаттардың бағасы қалай өзгереді? Сурет: Polisia.kz

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда паспорт, жүргізуші куәлігі және бірқатар ресми құжаттарды рәсімдеу бағасы өседі. Бұған айлық есептік көрсеткіштің (АЕК/МРП) 3 932 теңгеден 4 325 теңгеге дейін қымбаттауы себеп болып отыр. Бұл көрсеткіш 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

Қандай құжаттар қымбаттайды?

Жаңа АЕК-ке байланысты мемлекеттік баж мөлшерлемелері төмендегідей болады:

  • 16 жасқа дейінгі балаларға арналған паспорт (24 бет) – 4 АЕК, яғни 17 300 теңге
    (2025 жылы – 15 728 теңге)

  • Кәдімгі паспорт (36 бет) – 8 АЕК, яғни 34 600 теңге
    (2025 жылы – 31 456 теңге)

  • 48 беттік паспорт – 12 АЕК, яғни 51 900 теңге
    (2025 жылы – 47 184 теңге)

  • Жеке куәлік – 0,2 АЕК, яғни 865 теңге
    (2025 жылы – 786 теңге)

Егер жеке куәлік бір жыл ішінде екі реттен көп жоғалса, оны қайта рәсімдеу 1 АЕК – 4 325 теңге тұрады.

Жүргізуші куәлігін рәсімдеу құны – 1,25 АЕК, яғни 5 406 теңге болады.

Неке қию мен ажырасу құны

2026 жылдан бастап АХАТ бөлімдеріндегі кейбір қызметтер де қымбаттайды:

  • Неке қию туралы куәлік – 1 АЕК, яғни 4 325 теңге

  • Ажырасу үшін мемлекеттік баж – 2 АЕК, яғни 8 650 теңге
    (2025 жылы – 7 864 теңге)

Осылайша, ажырасу құны неке қиюдан екі есе қымбат болады.

Баланың туу туралы алғашқы куәлігі бұрынғыдай тегін беріледі.
Алайда куәлікті қайта рәсімдеу (мысалы, жоғалтқан жағдайда) үшін 0,5 МРП төлеу керек – бұл 2 163 теңге.

Кімдер мемлекеттік баждан босатылады?

Құжаттарды рәсімдеу кезінде бірқатар азаматтар санаттары мемлекеттік баж төлеуден босатылады. Олар:

  • елдің батырлары мен жоғары мемлекеттік наградалар иегерлері;

  • құрметті атағы бар көпбалалы аналар;

  • соғыс ардагерлері мен ұрыс қимылдарына қатысушылар;

  • мүгедектігі бар адамдар және мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар;

  • әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар;

  • жетім балалар және толық мемлекеттік қамқорлықтағы балалар;

  • Чернобыль апатынан зардап шеккендер.

2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға 8 желтоқсанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Бұл құжатта алдағы үш жылда мемлекет қанша қаржы жинап, қалай жұмсайтыны, соның ішінде әлеуметтік төлемдер мен базалық көрсеткіштердің мөлшері айқындалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:39

10:26

10:16

10:03

09:56

09:43

09:34

09:28

09:19

09:06

08:58

08:43

18:25

18:23

17:50

17:43

17:36

17:22

17:13

17:05

16:56

16:39

16:32

16:15

16:04