Алматыда «Тілім менің – ғасырларға аманат» атты қалалық семинар өтті

Алматыда «Тілім менің – ғасырларға аманат» атты қалалық семинар өтті Сурет: автор

Алматы қаласы №11 жалпы білім беретін мектеп қабырғасында қазақ тілінің мерейін асқақтатқан ерекше рухани шара - "Тілім менің – ғасырларға аманат" атты қалалық семинар өтті.

Семинардың негізгі мақсаты -  тілдің қадір-қасиетін ұлықтап, ұлы Абай мұрасы арқылы ұлттық құндылық пен рухани биіктікті дәріптеу, сондай-ақ білім беру үдерісінде Абай шығармаларын тиімді пайдалану жолдарын талқылау болды.

Шараны ұйымдастыруға мектептің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  әдістемелік бірлестігі  ұйытқы болды.

 Семинар барысында ұстаздар өзара тәжірибе алмасып, заманауи білім беру әдістерін талқылады.

"Бұл шарада тек қана аудан ішінде емес, жалпы қала ішіндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қоғамдастық жұмысы көрсетіліп отыр. Семинар барысында жас мамандарға, №39 мектеп-лицейінің, №44 мектеп-гимназиясының және №11 жалпы білім беретін мектептің ұстаздары өздерінің іс-тәжірибесін, сабақта жасанды интеллектті қолдану әдістерін, сондай-ақ түрлі педагогикалық жаңашылдықтарын бөлісті", – деді №11 жалпы білім беретін мектептің директоры Ағыбаева Салтанат Ақылбекқызы

Сонымен қатар, мұғалімдер Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқып, ұлы ақынның шығармашылығына арналған әннен шашу шашып, би көріністерін сахналады.

Ал әріптесіміз Байзақова Жанназия Абайдың 180 жылдығына арнаған арнау оқыды. Көріністер мен өнерпаз шәкірттердің өнері шараның рухани мазмұнын тереңдете түсті.

Мектеп директоры Ағыбаева Салтанат Ақылбекқызы өз сөзінде ұлттық тілді ұлықтау – ұрпақ тәрбиесінің басты өзегі екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол семинар қатысушыларына «Сингапур – білім беру саласындағы шабыт көзі» тақырыбында баяндама жасады. Ол Сингапур елінің білім жүйесіндегі жаңашыл әдістер мен тәжірибелерді отандық оқу үдерісіне енгізудің тиімді жолдарына тоқталды.

Аталған іс-шарамыздың қадірлі қонақтарының бірі – қалалық әдістемелік кабинетінің әдіскері Шакретова Қаламқас Базарбайқызы бейнежолдау арқылы өз лебізін жолдап, семинар қатысушыларына сәттілік пен шығармашылық шабыт тіледі.

Ұстаздардың тәжірибе алмасу алаңына айналған жиынға қаланың өзге мектептерінен 30-дан астам мұғалім қатысты. Семинардың құрметті қонағы  - Алмалы ауданы №39 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Алматы қаласының «Жыл мұғалімі – 2021», «Үздік педагог – 2025», Халықаралық «Үздік педагог» атағының иегері Аманов Нұржігіт Бердібекұлы. Белгілі ұстаз өз сөзінде Абай шығармаларының тәрбиелік мәнін ашып, ақынның адамгершілік пен парасатқа үндеген идеяларының бүгінгі ұрпақ санасында орны ерекше екенін атап өтті. Сонымен қатар, құрметті мейман "Кемелденген тұлға тәрбиелеуде Абай шығармаларының маңызына" тақырыбында қатысушыларға мазмұнды презентация таныстырды.

Абай мұрасы – адамгершілік пен даналықтың алтын арқауы. Оның шығармалары – ұстазға да, шәкіртке де өнеге, ұлт руханиятының шамшырағы.

Семинар соңында қатысушылар тағылымды ой түйіп, тіл мен рухтың тұтастығын сезінді. Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, осындай рухани бағыттағы кездесулердің жалғасын табатынына сенім білдірді.

"Тілім менің – ғасырларға аманат" атты семинар – ұлттық рух пен тіл мерейін асқақтатқан тағылымды басқосу болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:24

14:04

13:22

12:50

12:30

12:30

12:15

11:59

11:40

11:18

11:05

10:54

10:41

10:31

10:15

10:01

09:56

09:42

09:31

09:12

09:01

08:51

08:41

08:31

20:45