Алматыда ЖҚАЖ электрсамокаттағы өрттің алдын алды

Алматыда ЖҚАЖ электрсамокаттағы өрттің алдын алды  Сурет: Polisia.kz

Достық даңғылы мен Жолдасбеков көшесінің қиылысында оңтүстік бағытта қозғалып келе жатқан полицияның жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері электрсамокаттан шыққан өртті байқап, дереу әрекет етті, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Полицейлер жедел түрде отты оқшаулап, оның таралуына жол бермеді. Бөлімшенің бірнеше жауынгері оқиға орнына жақын маңда жүрген азаматтарды қауіпсіз жерге шығарып, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

- Қызметкерлеріміз жағдайға сәйкес әрекет етті - ең бастысы, өрттің таралуына жол бермеу және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болды. Жедел әрі үйлесімді жұмыстың арқасында жағдай толықтай бақылауға алынды, - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ЖҚАЖ командирі Азамат Исергужин. 

Өрт толық сөндірілді, зардап шеккен азаматтар жоқ.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:31

16:10

15:56

15:41

15:24

15:07

14:50

14:35

14:22

14:11

13:52

12:40

12:30

12:14

12:12

12:00

11:50

11:46

11:33

11:20

11:07

11:00

10:36

10:28

10:18