Алматы–Бішкек трассасындағы апаттан жеті адам қаза тапты: арасында танымал спортшылар бар

Алматы–Бішкек трассасындағы апаттан жеті адам қаза тапты: арасында танымал спортшылар бар Cурет: Әлеуметтік желі/kris_p_almaty_official

Алматы–Бішкек тас жолында түнде болған жол-көлік оқиғасы салдарынан жеті адам көз жұмды.

 Қаза тапқандардың арасында елімізге белгілі спортшылар бар, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz Prokzsport Telegram каналына сілтеме жасап. 

Олар Бішкектен есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы футбол ардагерлерінің турнирінен қайтып келе жатқан. Қайтыс болғандардың қатарында:
– жаттықтырушы Асыл Ибраимов,
– сурдлимпиялық чемпион Дмитрий Мочальский,
– футбол ардагерлері Сәкен Смағұлов, Сергей Волковинский, Серік Молдашев болған.

Оқиға спорттық қауымдастық үшін орны толмас ауыр қайғы болды. Полиция факті бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы-Бішкек тасжолында минивэн жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысқанын, жеті адамның мерт болғанын хабарлаған болатынбыз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:42

17:33

17:24

17:02

16:54

16:42

16:31

16:10

15:56

15:41

15:24

15:07

14:50

14:35

14:22

14:11

13:52

12:40

12:30

12:14

12:12

12:00

11:50

11:46

11:33